15 нау, 2018 сағат 08:15

Мирзиеев қазақстандықтардың Өзбекстанға деген қарым-қатынасы жайлы видео жариялады

Шавкат Мирзиеев Facebook желісіндегі парақшасында қазақстандықтардың Өзбекстанға деген қарым-қатынасы жайлы видео жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Роликті Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі өкілдері дайындаған.

Видеоның басында 2018 жылдың Қазақстандағы Өзбекстан жылы екені айтылады. Видеоролик авторлары Астана тұрғындары мен қонақтарынан блиц-сауалнама алған. Олар "Өзбекстан жайлы не білесіз?", "Жақсы көретін өзбек тағам түрі қандай?" және "Өзбек әртістерінен кімді білесіз?" деген сұрақтарға жауап береді.