#
#
Сенбі 24/08/2019

"Министрлікке қалай жұмысқа тұруға болады?" - Омаров жас маманға жауап берді

  • 18.06.2019
  • 0
  • 362

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров министрлікке жұмыс орналасу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Халыққа есеп беру жиынында министрге Қазақ агротехникалық университетінің ветеринария ғылымдарының магистрі «Министрлікке жұмысқа орналасу үшін не істеу керек?» деген сұрақ қойды.

«Ауыл шаруашылығы министрлігіне жұмысқа орналасу жалпыға ортақ тәртіпте конкурс арқылы жүргізіледі. Министрліктегі барлық вакансиялар жарияланады. Оған кез келген тілек білдіруші өтінім бере алады. Бүгінде АШМ-ның 90-ға жуық қызметкері - жастар. Ұжымымыз жасарып келеді. Министрлікте ұзақ жыл қызмет еткен тәжірибелі мамандарымыз облыстық бөлімшелерге ауысады. Сол кезде босаған орындарға жас мамандарды аламыз», - деп жауап берді С. Омаров. 

Айта кетейік, астанада ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров 2018 жылдың қорытындылары мен алдағы жоспарлар жөнінде халыққа есеп берді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар