#
#
Сейсенбі 15/10/2019

Министр жаңа Экологиялық кодекс қандай болу керектігін айтты

  • 01.10.2019
  • 0
  • 253

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев еліміздің жаңа Экологиялық кодексі қандай болуы керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ең алдымен Экологиялық кодекс - бұл түбегейлі жаңа, өте кешенді құжат. Ол бізге экологиялық проблемаларды шешуге не болмаса мемлекеттік органдармен қатар ластаушыларды да ынталандыруға мүмкіндік береді», - деді министр экологиялық кодексті талқылауға арналған шара аясында.

Оның сөзіне қарағанда, Экологиялық кодексте ластаушы төлеумен қатар тазалауы да тиіс делінген Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының негізгі ұстанымдарын басшылыққа алатын болады.

«Бүгін аталған құжатты талқылап жатырмыз. Жасыл, сонымен қатар өнеркәсіптік ұйымдардың пікірлерін ескере отырып ол белгілі бір деңгейде өзгерістерге ұшырайтындығы түсінікті де. Экологиялық кодекс теңгерімді болуы тиіс. Себебі ол біздің экономикамызды көрсетіп және бізді экология тұрғысында айтарлықтай өзгерістерге әкелуі тиіс. Құжат таяу күндердің ішінде тыңғылықты зерленбек. Одан кейін құжатты желтоқсан айында Парламентке енгізу үшін барлық мүдделі ұйымдарға, мемлекеттік органдарға келісуге жібереміз. Негізгі талқылаулар Парламентте өтеді», -деді Мағзұм Мырзағалиев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР