#
#
Бейсенбі 19/09/2019

Министр мұғалімдердің жалақысы қашан өсетінін айтты

  • 16.08.2019
  • 0
  • 367

Мұғалімдердің жалақысы келесі жылдан бастап көбейеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалақыны көтеру үшін заң қабылдау қажет. Заң осы жылдың ішінде қабылданады деп үміттенеміз. Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары бұл жайында айтты да. Сондықтан көпшілігі заңның қабылдануына байланысты болады. Дегенмен біз негізгі өзгерістер келесі жылдан басталады деп жоспарлап отырмыз»,- деп жауап берді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Тамыз конференциясында алдағы 4 жылдың ішінде мұғалімдердің еңбекақысын 2 есеге өсетіндігін мәлім етті. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР