04 мау, 2020 сағат 15:27

Министр коронавирустың ресми статистикасынан бөлек тағы 37 адам көз жұмғанын айтты

ҚР Денсаулық сақтау министрі коронавирустың ресми статистикасы бойынша қайтыс болған 48 адамнан бөлек тағы 37 адам көз жұмғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елжан Біртановтың атап өтуінше, бүгінге дейін коронавируспен тіркелген 12 124 адамның 48-і қайтыс болды. Бұл - науқастардың 0,4 пайызы. 

«Әрине, бұдан бөлек 37 жағдайда басқа аурудан қайтыс болған науқаста коронавирус болғандықтан, олар да тіркеуге алынды. Бірақ, біздің ресми статистикаға кіргізген жоқпыз. Оның себебі - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тәртібі, регламенті бойынша диагноз қоямыз», - деді ол.

Министрдің сөзіне сенсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 1 пайызы ғана ауыр жағдайда. Бұған қоса елімізде 100 мың тұрғынға шаққанда вирустан көз жұмғандардың үлесі - 0,3 пайыз.

«Бұл өзге көптеген елдерге қарағанда айтарлықтай төмен көрсеткіш саналады. Бұған қоса, біз цифрлардың жасанды түрде төмендетілуіне жол бермейміз. Зертханада дәлелдендеген жағдайдың бәрін білеміз», - деді Елжан Біртанов.