09 қар, 2016 сағат 15:18

Министр Ермекбаев Facebook желісіне тіркелді

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Facebook парақшасындағы алғашқы жазбасында азаматтардан ведомствоның жұмысына қатысты қандай да бір өз пікірлерін бөлісуге шақырды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Құрметті Facebook пайдаланушылары! Осы пост арқылы Facebook желісінде жеке парақшамды ашып отырмын. Жеке парақшаны ашуыма негізгі себеп қазақстандықтардың, шетелдік азаматтар мен халықаралық қоғамдастықтың өзім басқарып отырған Министрліктің қызметіне байланысты қызығушылық танытып отырғаны түрткі болғанын жеткіземін. Министрліктің алдында тұрған маңызды міндеттер жетерлік. Алайда бүгінгі таңда басты міндетіміз -халықпен тұрақты, әділ диалог орнату болып табылады. Ендігі жерде осы парақша арқылы азаматтар министрліктің қызметі туралы толық мәліметтермен танысып, сондай-ақ жеке пікірлерімен бөлісуге мүмкіндіктері болады деген ойдамын. Яғни, біз әлеуметтік желіні пайдаланушылар арасынан белсенді азаматтық ұстанымы бар "бейтарап" көмекшілерді табуға мүмкіндігіміз бар", - деп жазды министр Facebook желісіндегі парақшасында.