11 ақп, 2017 сағат 17:24

Министр Дәурен Абаев өлең оқыды (видео)

Бүгін Астана қаласындағы Назарбаев университетінің конференц-залында «Әдебиет порталы» интернет-жобасы жаңа нұсқасының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараға ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары және Астанадағы ЖОО ректорлары, жетекші БАҚ басшылары, қаламгерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Кеш барысында министр Дәурен Абаев Қадыр Мырза Әлидің өлеңін оқыды.