27 мам, 2020 сағат 07:38

Министр блокпостағы жағдайға байланысты Қанат Таймерденов пен Салтанат Әзірбекке сөгіс жариялады

Алматы облысындағы блокпоста болған жағдайға байланысты ІІМ Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен 9 адамға тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық ПД патрульдік полиция полкінің командирі Сатаев.Е, ПД Кадр саясаты басқармасының басшысы Мырзабеков О.С., жеке құрам бойынша инспекциясының басшысы Акылбеков А.О жұмыстан шығарылды. 

Жергілікті полиция қызметінің басшысы Саттаров М.А, ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Көкрекбаев С.О.,ПД басшысының орынбасары Нашарбеков А.А лауазымына сай еместігі ескертілді.

ДП басшысының бірінші орынбасары Алмасбеков Н.С., баспасөз қызметінің жетекшісі Әзірбек С.К. қатаң сөгіс жарияланды.

Полиция департаментінің басшысы, генерал-майор Қанат Таймерденов өзі басқаратын бөлімшенің қызметін үйлестіре алмағаны үшін қатаң сөгіс алды.

Еске салсақ, 25 мамырда екі полиция қызметкері қаза тапқан Алматы облысындағы блокпостағы қайғылы оқиға байланысты 3 лауазымды қызметкердің жұмыстан кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

Қайғылы оқиға 25 мамыр күні таңға жуы № 4 блокпоста болған. BMW жүргізушісі мас күйінде бетон қоршауға соғылып барып, инерциямен патрульдік полиция көлігін соққан. Соның кесірінен екі полиция қызметкері көз жұмды.

Үшінші полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр. Апатқа кінәлі жүргізуші бұрын полицияда жұмыс істеген.