#
#
Сенбі 22/02/2020

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуде еш кедергі жоқ - Сапарбаев

  • 24.12.2019
  • 0
  • 805

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жұмыстары жөнінде айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Әрбір мемлекеттің, ұлттың болашағы бірден-бір сол мемлекеттің азаматтарының біліміне, денсаулығына, мәдениетіне, тәрбиесіне байланысты. Осы 28 жыл ішінде Қазақстанда денсаулық саласына қандай көңіл бөлінгенін өздеріңіз күнделікті өмірден жақсы білесіздер. Оның ең бір негізгі айғағы - қазіргі уақытта қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығының 75 жасқа жеткені. Бұл үлкен көрсеткіш. 28 жыл ішінде бұл мерзім орта есеппен 10 жылға өсті. Осының бәрі мемлекеттің жүргізген саясатының, осы салаға қолдауының нәтижесі», - деді Б. Сапарбаев «МӘМС: қазақстандық медицинаның жаңғыруы» форумында.

Оның айтуынша, қазақстандық дәрігерлердің халықаралық беделі бар және өзге мемлекеттердің азаматтарына да медициналық көмек көрсетіп жүр. Медициналық қызмет сапасын жақсарта түсу үшін келесі жылы елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі.

«Біз Қазақстанның барлық өңірін аралап, тұрғындарға МӘМС жүйесінің артықшылықтарын түсіндірдік. 99% дайындық бар деп айтуға болады. Біз үшін ең бастысы медициналық қызмет алатын тұрғындардың тіркеуге тұруы және санаты. МӘМС бойынша мемлекет есебінен тұрғындардың 15 санаты (10 млн адам) тегін қызмет ала алады. Қалған 8 млн халық өз есебінен немесе жұмыс берушілер тарапынан қаматмасыз етіледі. Әзірге жергілікті атқару органдарымен барлық жұмысты бітірдік», - деді вице-приемьер.

Қарағанды облысында жүргізілген пилоттық жобаның жақсы нәтиже көрсеткенін жеткізді. Бір адамға жұмсалатын шығын шамамен 2,5 есеге жақсарған. Көптеген адамдар компьютерлік томография мен МРТ өту мүмкіндігін алған.

«Бұл жұмыстарды жалғастырамыз және қаржыландыру бойынша еш кедергі, еш қиындық болмайтынын айтқым келеді. Жалпы еліміздің денсаулық сақтау жүйесі үшін шамамен 1,5 трлн теңге бөлнеді. Қазір Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында 270 млрд теңге бар. Жыл сайын жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арқылы 500-700 млрд теңге жинау керек. Бұл денсаулық сақтау жүйесіне қосымша қаржы көзі болады», - деді Бердібек Сапабаев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар