16 қаз, 2019 сағат 07:48

Microsoft сарапшысы Нұр-Сұлтанда өтетін IT-мамандарына арналған форумда сөз сөйлейді

Microsoft сарапшысы Нұр-Сұлтанда өтетін IT-мамандарына арналған технологиялық форумда сөз сөйлейді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Тибор Колея, Microsoft Қазақстан бас менеджері 2019 жылы 24-25 қазанда Нұр-Сұлтанда өтетін Digital Bridge халықаралық технологиялық форумында эксперт ретінде қатысады.

Microsoft өкілі "Орталық Азиядағы корпоративтік инновациялар" панельдік пікірталасқа қатысады және ірі корпорациялардың жұмысына инновацияларды енгізу тәжірибесі, сондай-ақ стартап жобалар туралы айтып береді. Форум ұйымдастырушылары хабарлағандай, аталған пікірталасқа "АХҚО Әкімшілігі" АҚ Цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры Әсел Жантасова және Plug and Play Tech Center вице-президенті Собхан Кхани қатысады.

Форумға қатысып, талқылауларға қосылуға, сарапшыларға өз сұрақтарын қоям деушілерге - форум сайтында тегін тіркелуге болады:  http://digitalbridge.kz    

Digital Bridge форумының негізгі мақсаты - сандық даму саласындағы инновациялық шешімдер мен тәжірибе алмасу үшін диалог алаңын ұйымдастыру. Форум алаңындағы басты іс-шара Next Tech Entrepreneur Forum секциясы болады, оның шеңберінде форумға қатысушылар үшін түрлі тақырыптарда ашық талқылаулар ұйымдастырылады: болашақтың білімі, венчурлік қаржыландыру, бизнес-инкубациялау және т.б. қатысушылар арасында B2B кездесулер ұйымдастырылады.

Форум күндері дәстүрлі түрде жыл сайынғы Astana Hub Awards сыйлығы өтеді, ол Қазақстанның ІТ-индустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін беріледі, сондай – ақ Astana Hub Battle-технологиялық стартаптар арасындағы жарыстар.

Astana Hub Battle жарысының басты мақсаты - үздік технологиялық стартап-жобаларды анықтау және оларды жобаларды дамыту үшін ақшалай сыйлықтармен марапаттау. Astana Hub Battle жүлде қоры – 30,000 доллар, бірінші орын — 15,000, екінші орын — 10,000, үшінші орын — 5,000 доллар. 

Astana Hub Awards сыйлығын марапаттау рәсімі 2019 жылы 25 қазанда Қазақстан астанасында өтеді. Сыйлықтың басты мақсаты – стартаптардың табысты кәсіпкерлік бастамаларын ынталандыру, инновацияларды дамытуға және қолдау инфрақұрылымын нығайтуға жәрдемдесу, сондай-ақ Қазақстанда IT-кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету.