12 шіл, 2019 сағат 09:11

Мейіржан Әлібекұлы «Jambyl» телерадиоарнасының директоры болып тағайындалды

«Qazaqstan» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбайдың бұйрығымен танымал тележурналист Мейіржан Әлібекұлы «Jambyl» облыстық телерадиоарнасының директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мейіржан Әлібекұлы 1984 жылы туған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Аtyray» облыстық телеарнасынан бастаған. Әр жылдары «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясында тілші-сарапшы, редактор-жүргізуші, Қазақстан Президентінің журналистік пул тілшісі, шеф-редактор, дирекция директорының орынбасары қызметтерін атқарған. Қалың көрерменге «Жаңалықтар», саяси-сараптамалық «Апта.kz» бағдарламасының тізгіншісі ретінде танымал. ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының иегері, ҚР Ақпарат саласының үздігі. «Халық сүйіктісі» ұлттық жүлдесінің лауреаты, «Нұр Сұңқар» байқауының жеңімпазы.