26 қыр, 2018 сағат 08:00

Меценат Бауыржан Оспанов ауыл халқына мешіт салып берді

Белгілі меценат, «ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясының бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан Оспанов ауыл халқына мешіт салып берді. Құлшылық үйі Алматы облысының Алакөл ауданына қарасты Лепсі ауылында бой көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

150 адамға лайықталған жаңа мешіттің  ашылуына «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғали, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының наиб муфти Алау Әділбаев, Талдықорған өңірі бойынша өкіл имам Ардақ Нүсіпханұлы, Алакөл ауданының құрметті азаматы Мұқаш Байғарашов, белгілі меценат «ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясының бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан Оспанов және алакөлдік иамамдар мен тұрғындар қатысты.


Жаңа мешітке Ермек Утбаев имам болып тағайындалып, құран оқыды.