26 қаң, 2017 сағат 08:30

Мерген Тоқсанбай: "Жар басына жалғыз біткен аршамын"

...Жекебатырдың оқшау тұрған даралығындай, Жұмбақтастың ғасырлар сырын «жанына» жасырған құпиясындай, сексен көлдің сексен түрлі толқыған толқынындай, Арқаның саф ауасындай, табиғаттың өзіндей таза бір жырлар бар. Сайын даланың кеңдігіндей сан түрлі сезімді құйттай ғана жүрекке сыйғызып, дәл осы өмірдей көркем етіп жарата білген сол жырлардың авторы – Мерген Тоқсанбай.

«Даралығы – даладан, даналығы – ағадан» дарыған ақын Бурабайдың көкке ұмсынып, тас бетіне тік біткен қарағайларындай Өмірдің өзіне қасқая қарап тұр. Бұл әсте паңдық емес. Тарихта қалған сал-серілерше дәурен кешіп, маңдайын күнге, таңдайын самал желге өптірген бір бейне. Сертті һәм дертті еткені – Бабадан қалған ұлы мұра. Сол мұра – өмірлік мұраты. Сенімді серігі. Кененің жауға сілтеген қылышындай өткірлікпен, мизам көктің алғашқы бүріндей нәзіктікпен жазылған әр тармағында, жолында өмірдің өзі бар, Сөзі бар. Ақын демеске болмайды. Мойындау керек. ...Ол Бурабайдың биігінен қасқая ұзақ қарап тұрар бәлкім мына құмырсқа-тіршілікке?! Ал, теріс айнала салған сәтінде дүйім жұрттың назары оған жалт бұрылатыны сөзсіз.

Саян Есжан

КӨКТЕМ, КӨКТЕМ!

Жүрегіне қыздардың сезім еккір,
Көктем! 
Көктем, келсе екен тезірек бір! 
Баққа барып, бақ тауып, бас айналып,
Таңғы ғашық болудың кезі кеп тұр! 

Көктем!
Көктем, жетсе екен алып-ұшып, 
Табысар ек екеуміз сағынысып!
Ақ көрпесін ысырған қара жердей,
Төсегінде қыз жатар жанып-ысып!

Көктем!
Көктем, келсеңші Көкшеге бұл,
Сені сағынғанымды ескере жүр!
Басыма бармақтай бақ бұйырта ма,
Басымнан баянсыз боп көшкен өмір?!

Көктем, көктем, келе ғой, айналайын,
Сенсіз жерде көңілге қайғы алайын.
Ақ қайың қыз Арқада бүршік атса,
Ақ самал боп, ақырын аймалайын!

Көктем, көктем, қай жақтан келеді екен,
Өлең етем мен сені, өлең етем!
Елдің бәрін өзіне ғашық қылған,
Сен не қылған, шіркін-ай, керемет ең!

Көктем,
Көктем, келесің қашан маған? 
Сағыныш бар кеудемде баса алмаған.
Салқын, суық, ызғарлы сөзден құтқар,
Мен қанша жанталасып, қаша алмаға
н...

Көктем, 
Көктем, қар бетін секпіл етіп, 
Қанатымен құстардың жет дүр етіп.
Күтем, күтем, келеді, сәл шыдасам,
...Әлде менің көктемім кетті ме өтіп?!.
 

 

 

 

 

 

 

 

ЕКЕУМІЗ

Екеуміз: 
Көшеде кездеспедік, кафеде отырмадық,
Ән болып айтылмадық, жыр болып оқылмадық.

Бақтарда қыдырмадық, қалада қаңғырмадық,
Лаулатып кеш батырмай, атқан жоқ таң нұрланып.

Теппедік алтыбақан, мінбедік қайыққа да,
Сен жайлы жазғам да жоқ күнделік, айыптама!

Қолыңнан ұстағам жоқ, сүйгем жоқ ерініңнен,
Сен тіпті ойламайсың, білемін, мені мүлдем.

Сен мені күткен жоқсың, сен маған «кел» демедің,
Мөп-мөлдір махаббатқа құмартып, шөлдемедің.

Вокзалда күткем де жоқ, шығарып салмадым да,
Үйге де шақырғам жоқ, оңаша қалғанымда...

Армандап болашақты, жоспар да құрыспадық,
Біріміз бірімізді қызғанып ұрыспадық.

Екеуміз үйленбедік, балалы болмадық та,
Ол жайлы көрген жоқпыз ойланып, толғанып та...

Сен мені сағынбадың, мен сені аңсамадым,
Осылай өмір сүрдік қанша жыл, қаншама күн?!

Жайқалсын жанымыздың мәуелі бәйтерегі,
Осының бәрін енді өзгертсек қайтер еді?!

Екеуміз! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СЕН КЕРЕКСІҢ 

Маған бүгін сен керексің... ертең де!
Өмірімді күлкіңменен көркемде!
Құстар сайрап қонуы үшін көліме,
Гүлдер жайнап өнуі үшін өлкемде!
Маған бүгін сен керексің, жарығым, 
Шаңырағымда шаттық күйін шертерге!

Маған, жаным, сен керексің, түсінші,
Жүрегіңнің кілті қайда? Ұсыншы!
Сен керексің, сен керексің – бірінші, 
Саған тартқан қыздар керек – екінші, 
Маған тартқан ұлдар керек – үшінші! 

Маған, жаным, сен керексің, керексің! 
Тәңір берген бақытыма себепшім.
Жатырыңнан батыр болып туады,
Жарты әлемді таңқалдырар көмекшім! 

Маған, жаным, сен керексің, ішімде, 
Алай-түлей дауыл тұрмас үшін де.
Жалғыздықты сезбеу үшін өңімде,
Жардан құлап өлмеу үшін түсімде!

Маған, жаным, сен керексің, екі елді
құда қылып, қуантуға әкемді.
Қос аққудай ажыраспас адал боп,
Қос дүниеде бұзбау үшін некемді!

Сен керексің, Сенсіз өмір маған – мұң!
Жарығысың мендік түнек ғаламның!
Сен керексің өтеу үшін ақ сүтін,
Алғысын ап анамның!

Маған, жаным, сен керексің! Ал, тыңда!
Сәл еркелеу, сәл бұзықтау қалпыңда!
Жан дүниемнің бақ, байлығы өзіңсің,
Айырбастамас алтынға!!!

Маған, жаным, сен керексің! Қаншама,
Қыздың жасы менің үшін тамса да!
Сен керексің! Сен керексің, жарығым,
Басқа дүние керексіз боп қалса да!!!

 

 

 

 

***

Ұп-ұзақ түн өтті-ау, қамығып.

Қып-қысқа сарғайған таң – үміт.

Шоп-шолақ түсімнің иесі

                                         өзіңді,

Оп-оңай ұмытпай, сағынып,

 

Там-тұмдап сабырдан арылып,

Ап-ауыр бір ойға малынып.

Шап-шағын бөлмеме сыя алмай,

Үп-үлкен әлемнен сені іздеп,

                                   сабылып...

 

Жап-жарық жалғанды түрлентіп,

Жап-жасыл Бағымды бүрлетіп.

Көкпеңбек көктемгі жусанның,

Жеп-жеңіл жұпарын үрлетіп.

 

Тап-таза көңілмен – ұдайы жас,

Біп-биік еңсем бар – мұңаймас!

Ес-түссіз жүрегім

                           сезімге

шіп-шикі мас бүгін, удай мас.

 

Тұп-тұлдыр төзімсіз қалып Мен,

Дәп-дәл сол елгезек қалыппен.

Тұп-тура жаныңа жетсем ғой,

Жып-жылдам! Жарысып жарықпен!

 

Қым-қиғаш жолдардан бүкіл көп,

Аман-сау жеткенге шүкір деп.

Жұп-жұқа көйлектің астында,

Нәп-нәзік Жүрегің лүпілдеп.

 

Тұп-тұнық жүзіңнен Ай көріп,

Жап-жарқын күлкіңде қайғы өліп.

Сұп-суық Тағдырым тоңдырса,

Ып-ыстық құшағың жай келіп.

 

Қап-қалың шашыңды тарқатып,

Қып-қызыл ерініңнен бал татып.

Қап-қара түн өтіп қойныңда,

Аппақ боп қасыңда таң да атып.

 

Тәп-тәтті қылығың ұнап қап,

Мөп-мөлдір көзіңе құлап қап.

Жап-жақын жүргенде қуансам,

Ап-алыс кеткенде жылап қап. 

 

* * *

 

Ақпанның кірлеген қарындай,
Күнәһар пенденің жанындай.
Қап-қара бұйра түтіндей,  
Қаракөк жалындай!

Мақсатсыз, мұратсыз адамдай, 
Қайырсыз, сауапсыз қадамдай.
Ауыр сөз жазылған парақтай,
Сиясы таусылған қаламдай.

Емдеуге болмайтын жарадай,
Уланған, өртенген даладай.
Қоқысқа толы кір көшедей,
Жын жайлап алған сұр қаладай.

Қайрылып келмейтін көктемдей,
Өзгерте алмайтын өткендей.
Кісідей беймарал күн кешкен –
Ешкімді шын сүймей, жек көрмей...

Осылай болғаным үшін Мен,
Кінәлі шығармын? Ішімнен
өзгерте алмадым өзімді, сөзімді...
Ренжіген шығарсыз?! Түсінем!..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НҮКТЕ

 


«Керек емес маған ешкім!»

 

Сенің хатың.

 


Керек емес маған ешкім!
Өзім де сол... керексізбін.
Ертегіміз сәл көңілсіз 
аяқталды демек біздің.

Суығын-ай қара кештің,
Салқынын-ай сөздеріңнің.
Түк етпейді! Мен Арқаның
аязына төзген ұлмын!

Қарағайға қарап өстім – 
Өңін бермес қысы-жазы!
Тек жүрегім ауыр-ауыр
кей сөздерден ұшынады...

Тозып біткен таға емеспін!
Жұқарғанмен жүйкем аздап.
Мұз боп суып жек көреалман!
Себебі, Мен сүйгем – маздап!

Бәрін ұқтым, бала емеспін!
Білем, бәрі бітті осымен.
Сен бастаған бұл өлеңнің,
Қоя салам нүктесін Мен!
 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

*  *  *

 

Саған баратын жол жоқ қой енді, жол жоқ қой,

Қайтейін, жаным, ерніңе сенің шөлдетті ой.

 

Бұл өмір деген ойын емес қой, ботам-ай,

Бәрін басынан бастай салатын оп-оңай!

 

Бәрін басынан бастай алмаймыз, не етеміз?

Қай жерден кетті, білмеймін, біздің қатеміз?

 

Өкініп қалдым, опынып қалдым мен неге?

Жалғыз ұлыңмен отырып қалдың сен неге?

 

Жылайсың жалғыз суық төсекке құлап кеп,

Жалғыз ұлыңа «тек жалғыз қызды ұнат»,-деп,

 

ақыл айтарсың, «жылатпасын деп басқаны,

бір қызды сүйіп ұнатпасын деп басқаны...»

 

әкесі оның ұнатып еді тастады,

әкесі оның жылатып сені тастады...

 

жаның ашымай шыдарсың қалай мұндайға?

Бағың ашылмай... е, бұдан ауыр мұң қайда?!

 

Ерке қыз едің көтермеді ме назыңды,

Сағынып жүрсің көктемдеріңді, жазыңды.

 

Мұңайып жүрсің өткеніңді өмір қайтармай,

Қиналып жүрмін жұбатар түк те айта алмай... 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҮШ ТҮН БОЛДЫ...

Үш түн болды –

Құлап бара жатамын,
Биіктен.
Қурап бара жатамын,
Күйіктен.

Өліп бара жатамын,
Сау қалмай!
Шөгіп бара жатамын,
Таулардай!

Әлдекімнен қашамын,
Күш салып.
Әлдекімге жатамын,
Ұсталып...

Қарызданып жатамын – 
Жұртымдай.
Бауыздалып жатамын –
Жылқымдай! 

Еш айырмам болмай қап 
Қайыңнан.
Сарғаямын, сор қайнап –
Уайымнан.

Қара шашын жайып сап,
Қайқаңдар,
Бұраң белі майысқақ –
Сайтандар!

Бастырылып, түршігіп
шығам да,
Тіл ұшында тұншығып
дұғам да..!

Біреу келіп тергейді,
Ісімді.
Осындайда көр дейді, 
Күшіңді.

Үш түн тусте көргенім – 
қысым-ды,
Ғазиз басым төрде еді –
түсірді.
...........................................
...........
Айтпағаным жөн бе еді, 
Түсімді?!

 

 

ТЕК СЕНІҢ ЖАНАРЫҢ ОҚЫСЫН...

 

Тек сенің жанарың оқысын,

Ешкімге көрсетпе сен енді.

Көзіңнің ойнақы оты үшін,

Өмірге келген өлеңді.

 

О, сендік мойылдай қарашық,

Нұрынан өлеңім гүлдесін.

Өлеңге бір күліп қарашы,

Мұңайып қалып ол жүрмесін!

 

Бүгінгі жүрекпен жазғанға,

Иә, ертең жанарың ие ғой.

Өлеңге сәбидей мәз бол да,

Көзіңмен сүйе ғой, сүйе ғой!

 

Ешкімге оқыма дауыстап,

Жұрт жаттап алмасын жиылып.

Кеткенде арамыз алыстап,

Оңаша оқырсың, жымиып.

 

Сен оны жасыршы.

Салсаң да

Түпсіз көзіңнің түбіне.

Е, мейлі жаттап алсаң да,

Бір оқып шыға сал күніне!

 

Сүйсініп, сүйініп оқышы,

Көзіңнің нұрына бөлендір.

Көзіңнің ойнақы оты үшін,

Өмірге келген өлең бұл.

 

Құрбың да оқымай,

Оқымай жігітің,

Кішкентай құпия боп қалсын.

О, сосын ғашық боп... күні-түн,

О, бәлкім сен мені жоқтарсың?

 

Осылай мен аздап мұңайдым,

Жүрекке шоқ түсіп жаңа бір.

Мен сенсіз өмірге шыдаймын,

Өлеңге көз қырын сала жүр.

 

Ішіне бір тамшы түн құйып,

Шабытпен жаратқан Алла шын.

Мөп-мөлдір, тұп-тұнық, тұңғиық,

Көзіңді

Өлеңім сағынып қалмасын! 

 

ІҢКӘРІМ

 

«Келші», – деп шақырмадың,

Көргің де келмеген шығар?

Мен салған жараның ақыр бәрін,

Басқа жан емдеген шығар?!

 

«Мен сені сағындым», – деп ем,

Жүрегің сенбеген шығар?

Жетім де жалғыз жаным – мұңды өлең,

Сүйген соң – өлмеген шығар...

 

Сүймесе, өмір де өлімдей,

Сүйгенім – ең әйбәт бақыт.

Дірілдеп еріндеріңдей,

Толқимын сені ойлап жатып.

 

Құмарлық өкіндіре ме?

Барғым кеп кімдерге тағы?

Мен жалғыз отырмын, міне,

Жұбымен жүргенде бәрі.

 

Іздеумен, білмеймін, кімді,

Қаңғырып қалада мына.

Көңілім күндей тұтылды,

Қол жетпей қалағаныма.

 

Үйіме кеш келем жүріп,

Кезікпей алдан арманым.

Жүректе – өшпеген үміт,

Басымда – жанбаған бағым.

 

Іңкәрім,

Жалғыздық жастанып тағы,

Жүргенім жарамас олай.

Әдемі басталып бәрі,

Аяқсыз қала ма солай?!

 

Қайтарам бал шақты қалай?

Қажытты тым алыс кезің...

Аңсатты-ау, аңсатты талай,

«Кел» деген бір ауыз сөзің!

 

 

 

 

ЖАУАП

«Жұматайым Сіз менің...»

Оның хатынан.


Білемін бəрін, жарығым,
Сеземін бəрін...
Менің де бүгін жаным – мұң,
Өзегім – жалын.

Тереземде мұз қатып тұр,
Жасымдай болып,
Өзіңсіз өткен уақыт бұл –
Ғасырдай болып.

Көтертпей қойды еңсені
Қалың тұман – мұң...
Сағынып қалдым мен сені,
Сағындым, жаным!

Айтқым кеп саған... сөзім көп,
Айта алмай жүрген.
Өзің кеткелі көзімде от,
Байқалмай мүлдем...

Жанымның жайлау төрі анау –
Ызғар өпкендей.
Көңлімнің айдын көлі анау –
Құстар кеткендей.

Еске алып сол бір мөп-мөлдір
Түстей шақтарды.
Қайта оқып түнім өтті əрбір
Хұснихаттарды.

Жаныма сая жоқ сенсіз,
Дауыл əр күнім.
Жүрегім қалып көктемсіз,
Ауырар бүгін.

Ойыма қанша оралып,
Еркелеткенім...
Өкінтті қанша – ол анық,
Өкпелеткенім...

Бір жүрген кездің куəсі,
Фотоларды өзім,
Жүз рет көрдім расы,
Боталап көзім.

Білтелі шамдай үмітті,
Өшіргім келмей.
Қап-қара қапас күдікті,
Кешірдім түндей.

Алағайлы шақ өткеріп,
Бұлағайлы шақ.
Лəйлəсіз жүрмін отқа еніп,
Жұматай құсап.

 

ҚЫЗ МОНОЛОГЫ

 

(Маған ғашық қыздың атынан)

 

Ағажан!

Мен сіздің өлеңіңізге емес,

Өміріңізге енгім келеді.

Атар таңды бірге көрерімізге,

Сенгім келеді, ағажан!

 

Сүйемін деуге дәтім жетпейді,

Сол үшін,

Жанарымды оқып, жүрегімді тыңдаңызшы!

Өтінем, аясаңыз егер мені шын,

Түк сезбейтіндей боп тұрмаңызшы!

                                          Ағажан!

 

Сөзіңіз, көзіңіз, өзіңіз салқынсыз.

Мені жауратып,

Жылата бересіз Сіз неге?

Білесіз бе,

Сізге ұқсағасын,

Ғашық боп алдым күзге де.

 

Ағажан,

Мен сізді сағынып жүрмін...

Күтумен жүрмін, пайдасыз.

Мен жалғыз мұңға малынып жүрмін,

Сіз кіммен жүрсіз??? Қайдасыз?!

 

Сізге хат жазып жіберсем бе екен?

(Оқымайсыз ғой бәрібір!)

Туф, сөз таппай осы мүдірсем бе екен?!

Кездесейікші тағы бір...

 

Ағажан,

Өткендегідей, көктемдегідей,

Мейлі, үндемей тұрсақ та.

Төбем бір көкке жеткендегідей

Қуанайын!

Түсіңізге кіріп, рұқсат па?!

 

ƏН АЙТЫП БЕРШІ... 

 

Əн айтып берші маған,
Жан үнсіз жыласын да,
Жүрегім елжіресін.
Шаршадым... ұғасың ба?!
Айтайын енді несін?!.

Əн айтып берші маған,
Шығарып быт-шытымды,
Қозғайтын ішкі дертті.
Күле алмай жұрт сықылды,
О, қандай күш жүдетті?!

Əн айтып берші маған,
Дауысы мың құбылған,
Гитараң қайда қалды?!
Əн салшы, мұңлы бір əн,
Жаңғыртып айналаңды!

Əн айтып берші маған...
Жігерім жасып тұр ма?
Жүрегім солды ма шын?
Білмеймін, ғашықпын ба?
О, бəлкім, сен білесің?!

Əн айтып берші маған,
Басылсын құмарлығым,
Қанбаған туғалы бұл.
Айтар кеш шығар бүгін,
Махаббат туралы бір?!.

Əн айтып берші, жаным,
Кеудеме қылыш сұққан,
Келгендей гүлсіз көктем...
Құтқаршы тыныштықтан,
Шаршадым үнсіздіктен!

 

КЕШІРМЕ

 

 

Маған деген сағыныштың отымен,

Мен сүйетін әнді айтып бер, өтінем,

Гитараңның пернелерін жылатып.

 

Қоштасарда: «Келемін», – деп кетіп ем,

Соным үшін – өкінемін... Өкінем!

Қалдым кеше басқа қызды ұнатып...

 

Бәріне мен кінәлімін, кешірме!

Жек көріп кет, хаттарымды өшір де!

Басқа жігіт жолығады шын адал.

 

Ғашық болып Алматының кешіне,

Бірге жүрген сәттер түссе есіңе,

Оңашада жылап алсаң, жылап ал.

 

Енді мені ұмыта сал, ақылдым,

Мен осындай «иттігі» көп ақынмын,

Жан жылатып, жүрегіңді жүдеткен.

 

Басыңды да бекер сенің қатырдым...

Саған тағы өлең жазып жатырмын,

Саған енді ғашық емес жүрекпен...

 

Жүрегіңде сағынышың бүр атып,

Тілегің де бір мейірім сұратып,

Жалынышты жанарларың мөлдіреп,

 

Арманыңды Алатаудан құлатып,

Гитараңның пернелерін жылатып,

Мен сүйетін әнді айтып бер, соңғы рет...

 

Сосын хабарласпайық!

 

ОЛ ТУРАЛЫ СОҢҒЫ ӨЛЕҢ...

 

Ол:

«– Ешқайда кетпеймін»,–  деп уәде еткен.

Соған сенгем, аңғал, аңқау әдетпен.

Сөзден – жылу, көзден – мейір дәметкем,

Үміттерім алдамшы екен, қап, әттең!

 

Ол:

«– Ешқашан кетпеймін»,– деп серт еткен,

Назыменен күйдірткен, қылығымен өртеткен,

Анасынан айналайын ерке еткен.

Жанарынан жанын көріп – мөлт еткен,

Жолыққанда жас жүрегім селк еткен.

Эх, кетіп қалды-ай... ерте әттең!

 

Ол:

«– Ешкімге кетпеймін»,– деп күлгенде,

Қуаным ем! Мұңым тарқап бір демде.

Өлең болды мен шабытсыз жүргенде,

Өзі болды баға жетпес жүлдем де!

Енді қайттым? Кетіп қалды мүлдемге!

 

Ол ешқашан келмейді енді, келмесін!

Қиналамын, қынжыламын мен несін?!

Сенімімді, сезімімді көмгесін,

Анық болды енді ешкімді сүймесім,

Енді ешкімге сенбесім!

 

ЖАЛҒЫЗ АРША


«Қарқаралы басында жалғыз арша...»

Біржан Сал.


Жар басына жалғыз біткен аршамын,
Жалғыздықпен жылжып өтті қанша күн?!
Жел жұлмалап жүрек – жапырақтарымды,
Тоз-тоз болдым... арса-арса, арсамын!

Бастан ауып кетті білем бал шағым?
Өлеңімде көңілсіздеу бар сарын.
Жанарыңның жан тебірентер жарқылын,
Неге екені қайта-қайта аңсадым?..

Тас төбемнен борап жатыр қарша мұң,
Тағдыры осы – жарға біткен аршаның!
Жаны жаздай жадыраған жан қайда?
Мен сол жайлы айта-айта шаршадым...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мерген Көшербайұлы Тоқсанбай бұрынғы Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданы, Казгородок (ескіше атауы Жанғұс-Тоқсанбай) ауылында дүниеге келген.

 «Ассалаумағалейкүм», «Ностальгия»«Мен біреуді сағынамын...»атты кітаптардың авторы.

 

КӨКТЕМ, КӨКТЕМ! 

Жүрегіне қыздардың сезім еккір, 
Көктем! 
Көктем, келсе екен тезірек бір! 
Баққа барып, бақ тауып, бас айналып, 
Таңғы ғашық болудың кезі кеп тұр! 

Көктем! 
Көктем, жетсе екен алып-ұшып, 
Табысар ек екеуміз сағынысып! 
Ақ көрпесін ысырған қара жердей, 
Төсегінде қыз жатар жанып-ысып! 

Көктем! 
Көктем, келсеңші Көкшеге бұл, 
Сені сағынғанымды ескере жүр! 
Басыма бармақтай бақ бұйырта ма, 
Басымнан баянсыз боп көшкен өмір?! 

Көктем, көктем, келе ғой, айналайын, 
Сенсіз жерде көңілге қайғы алайын. 
Ақ қайың қыз Арқада бүршік атса, 
Ақ самал боп, ақырын аймалайын! 

Көктем, көктем, қай жақтан келеді екен, 
Өлең етем мен сені, өлең етем! 
Елдің бәрін өзіне ғашық қылған, 
Сен не қылған, шіркін-ай, керемет ең! 

Көктем, 
Көктем, келесің қашан маған? 
Сағыныш бар кеудемде баса алмаған. 
Салқын, суық, ызғарлы сөзден құтқар, 
Мен қанша жанталасып, қаша алмаған... 

Көктем, 
Көктем, қар бетін секпіл етіп, 
Қанатымен құстардың жет дүр етіп. 
Күтем, күтем, келеді, сәл шыдасам, 
...Әлде менің көктемім кетті ме өтіп?!. 



ЕКЕУМІЗ 

Екеуміз: 
Көшеде кездеспедік, кафеде отырмадық, 
Ән болып айтылмадық, жыр болып оқылмадық. 

Бақтарда қыдырмадық, қалада қаңғырмадық, 
Лаулатып кеш батырмай, атқан жоқ таң нұрланып. 

Теппедік алтыбақан, мінбедік қайыққа да, 
Сен жайлы жазғам да жоқ күнделік, айыптама! 

Қолыңнан ұстағам жоқ, сүйгем жоқ ерініңнен, 
Сен тіпті ойламайсың, білемін, мені мүлдем. 

Сен мені күткен жоқсың, сен маған «кел» демедің, 
Мөп-мөлдір махаббатқа құмартып, шөлдемедің. 

Вокзалда күткем де жоқ, шығарып салмадым да, 
Үйге де шақырғам жоқ, оңаша қалғанымда... 

Армандап болашақты, жоспар да құрыспадық, 
Біріміз бірімізді қызғанып ұрыспадық. 

Екеуміз үйленбедік, балалы болмадық та, 
Ол жайлы көрген жоқпыз ойланып, толғанып та... 

Сен мені сағынбадың, мен сені аңсамадым, 
Осылай өмір сүрдік қанша жыл, қаншама күн?! 

Жайқалсын жанымыздың мәуелі бәйтерегі, 
Осының бәрін енді өзгертсек қайтер еді?! 

Екеуміз! 

СЕН КЕРЕКСІҢ 

Маған бүгін сен керексің... ертең де! 
Өмірімді күлкіңменен көркемде! 
Құстар сайрап қонуы үшін көліме, 
Гүлдер жайнап өнуі үшін өлкемде! 
Маған бүгін сен керексің, жарығым, 
Шаңырағымда шаттық күйін шертерге! 

Маған, жаным, сен керексің, түсінші, 
Жүрегіңнің кілті қайда? Ұсыншы! 
Сен керексің, сен керексің – бірінші, 
Саған тартқан қыздар керек – екінші, 
Маған тартқан ұлдар керек – үшінші! 

Маған, жаным, сен керексің, керексің! 
Тәңір берген бақытыма себепшім. 
Жатырыңнан батыр болып туады, 
Жарты әлемді таңқалдырар көмекшім! 

Маған, жаным, сен керексің, ішімде, 
Алай-түлей дауыл тұрмас үшін де. 
Жалғыздықты сезбеу үшін өңімде, 
Жардан құлап өлмеу үшін түсімде! 

Маған, жаным, сен керексің, екі елді 
құда қылып, қуантуға әкемді. 
Қос аққудай ажыраспас адал боп, 
Қос дүниеде бұзбау үшін некемді! 

Сен керексің, Сенсіз өмір маған – мұң! 
Жарығысың мендік түнек ғаламның! 
Сен керексің өтеу үшін ақ сүтін, 
Алғысын ап анамның! 

Маған, жаным, сен керексің! Ал, тыңда! 
Сәл еркелеу, сәл бұзықтау қалпыңда! 
Жан дүниемнің бақ, байлығы өзіңсің, 
Айырбастамас алтынға!!! 

Маған, жаным, сен керексің! Қаншама, 
Қыздың жасы менің үшін тамса да! 
Сен керексің! Сен керексің, жарығым, 
Басқа дүние керексіз боп қалса да!!! 

* * * 

Ақпанның кірлеген қарындай, 
Күнәһар пенденің жанындай. 
Қап-қара бұйра түтіндей, 
Қаракөк жалындай! 

Мақсатсыз, мұратсыз адамдай, 
Қайырсыз, сауапсыз қадамдай. 
Ауыр сөз жазылған парақтай, 
Сиясы таусылған қаламдай. 

Емдеуге болмайтын жарадай, 
Уланған, өртенген даладай. 
Қоқысқа толы кір көшедей, 
Жын жайлап алған сұр қаладай. 

Қайрылып келмейтін көктемдей, 
Өзгерте алмайтын өткендей. 
Кісідей беймарал күн кешкен – 
Ешкімді шын сүймей, жек көрмей... 

Осылай болғаным үшін Мен, 
Кінәлі шығармын? Ішімнен 
өзгерте алмадым өзімді, сөзімді... 
Ренжіген шығарсыз?! Түсінем!.. 


НҮКТЕ 

«Керек емес маған ешкім!» 
Сенің хатың. 

Керек емес маған ешкім! 
Өзім де сол... керексізбін. 
Ертегіміз сәл көңілсіз 
аяқталды демек біздің. 

Суығын-ай қара кештің, 
Салқынын-ай сөздеріңнің. 
Түк етпейді! Мен Арқаның 
аязына төзген ұлмын! 

Қарағайға қарап өстім – 
Өңін бермес қысы-жазы! 
Тек жүрегім ауыр-ауыр 
кей сөздерден ұшынады... 

Тозып біткен таға емеспін! 
Жұқарғанмен жүйкем аздап. 
Мұз боп суып жек көреалман! 
Себебі, Мен сүйгем – маздап! 

Бәрін ұқтым, бала емеспін! 
Білем, бәрі бітті осымен. 
Сен бастаған бұл өлеңнің, 
Қоя салам нүктесін Мен! 



* * * 

Саған баратын жол жоқ қой енді, жол жоқ қой, 
Қайтейін, жаным, ерніңе сенің шөлдетті ой. 

Бұл өмір деген ойын емес қой, ботам-ай, 
Бәрін басынан бастай салатын оп-оңай! 

Бәрін басынан бастай алмаймыз, не етеміз? 
Қай жерден кетті, білмеймін, біздің қатеміз? 

Өкініп қалдым, опынып қалдым мен неге? 
Жалғыз ұлыңмен отырып қалдың сен неге? 

Жылайсың жалғыз суық төсекке құлап кеп, 
Жалғыз ұлыңа «тек жалғыз қызды ұнат»,-деп, 

ақыл айтарсың, «жылатпасын деп басқаны, 
бір қызды сүйіп ұнатпасын деп басқаны...» 

әкесі оның ұнатып еді тастады, 
әкесі оның жылатып сені тастады... 

жаның ашымай шыдарсың қалай мұндайға? 
Бағың ашылмай... е, бұдан ауыр мұң қайда?! 

Ерке қыз едің көтермеді ме назыңды, 
Сағынып жүрсің көктемдеріңді, жазыңды. 

Мұңайып жүрсің өткеніңді өмір қайтармай, 
Қиналып жүрмін жұбатар түк те айта алмай... 

ТЕК СЕНІҢ ЖАНАРЫҢ ОҚЫСЫН... 

Тек сенің жанарың оқысын, 
Ешкімге көрсетпе сен енді. 
Көзіңнің ойнақы оты үшін, 
Өмірге келген өлеңді. 

О, сендік мойылдай қарашық, 
Нұрынан өлеңім гүлдесін. 
Өлеңге бір күліп қарашы, 
Мұңайып қалып ол жүрмесін! 

Бүгінгі жүрекпен жазғанға, 
Иә, ертең жанарың ие ғой. 
Өлеңге сәбидей мәз бол да, 
Көзіңмен сүйе ғой, сүйе ғой! 

Ешкімге оқыма дауыстап, 
Жұрт жаттап алмасын жиылып. 
Кеткенде арамыз алыстап, 
Оңаша оқырсың, жымиып. 

Сен оны жасыршы. 
Салсаң да 
Түпсіз көзіңнің түбіне. 
Е, мейлі жаттап алсаң да, 
Бір оқып шыға сал күніне! 

Сүйсініп, сүйініп оқышы, 
Көзіңнің нұрына бөлендір. 
Көзіңнің ойнақы оты үшін, 
Өмірге келген өлең бұл. 

Құрбың да оқымай, 
Оқымай жігітің, 
Кішкентай құпия боп қалсын. 
О, сосын ғашық боп... күні-түн, 
О, бәлкім сен мені жоқтарсың? 

Осылай мен аздап мұңайдым, 
Жүрекке шоқ түсіп жаңа бір. 
Мен сенсіз өмірге шыдаймын, 
Өлеңге көз қырын сала жүр. 

Ішіне бір тамшы түн құйып, 
Шабытпен жаратқан Алла шын. 
Мөп-мөлдір, тұп-тұнық, тұңғиық, 
Көзіңді 
Өлеңім сағынып қалмасын! 



ІҢКӘРІМ 

«Келші», – деп шақырмадың, 
Көргің де келмеген шығар? 
Мен салған жараның ақыр бәрін, 
Басқа жан емдеген шығар?! 

«Мен сені сағындым», – деп ем, 
Жүрегің сенбеген шығар? 
Жетім де жалғыз жаным – мұңды өлең, 
Сүйген соң – өлмеген шығар... 

Сүймесе, өмір де өлімдей, 
Сүйгенім – ең әйбәт бақыт. 
Дірілдеп еріндеріңдей, 
Толқимын сені ойлап жатып. 

Құмарлық өкіндіре ме? 
Барғым кеп кімдерге тағы? 
Мен жалғыз отырмын, міне, 
Жұбымен жүргенде бәрі. 

Іздеумен, білмеймін, кімді, 
Қаңғырып қалада мына. 
Көңілім күндей тұтылды, 
Қол жетпей қалағаныма. 

Үйіме кеш келем жүріп, 
Кезікпей алдан арманым. 
Жүректе – өшпеген үміт, 
Басымда – жанбаған бағым. 

Іңкәрім, 
Жалғыздық жастанып тағы, 
Жүргенім жарамас олай. 
Әдемі басталып бәрі, 
Аяқсыз қала ма солай?! 

Қайтарам бал шақты қалай? 
Қажытты тым алыс кезің... 
Аңсатты-ау, аңсатты талай, 
«Кел» деген бір ауыз сөзің! 

ЖАУАП 

«Жұматайым Сіз менің...» 
Оның хатынан. 

Білемін бəрін, жарығым, 
Сеземін бəрін... 
Менің де бүгін жаным – мұң, 
Өзегім – жалын. 

Тереземде мұз қатып тұр, 
Жасымдай болып, 
Өзіңсіз өткен уақыт бұл – 
Ғасырдай болып. 

Көтертпей қойды еңсені 
Қалың тұман – мұң... 
Сағынып қалдым мен сені, 
Сағындым, жаным! 

Айтқым кеп саған... сөзім көп, 
Айта алмай жүрген. 
Өзің кеткелі көзімде от, 
Байқалмай мүлдем... 

Жанымның жайлау төрі анау – 
Ызғар өпкендей. 
Көңлімнің айдын көлі анау – 
Құстар кеткендей. 

Еске алып сол бір мөп-мөлдір 
Түстей шақтарды. 
Қайта оқып түнім өтті əрбір 
Хұснихаттарды. 

Жаныма сая жоқ сенсіз, 
Дауыл əр күнім. 
Жүрегім қалып көктемсіз, 
Ауырар бүгін. 

Ойыма қанша оралып, 
Еркелеткенім... 
Өкінтті қанша – ол анық, 
Өкпелеткенім... 

Бір жүрген кездің куəсі, 
Фотоларды өзім, 
Жүз рет көрдім расы, 
Боталап көзім. 

Білтелі шамдай үмітті, 
Өшіргім келмей. 
Қап-қара қапас күдікті, 
Кешірдім түндей. 

Алағайлы шақ өткеріп, 
Бұлағайлы шақ. 
Лəйлəсіз жүрмін отқа еніп, 
Жұматай құсап. 

 

ЖАЛҒЫЗ АРША 

«Қарқаралы басында жалғыз арша...» 
Біржан Сал. 

Жар басына жалғыз біткен аршамын, 
Жалғыздықпен жылжып өтті қанша күн?! 
Жел жұлмалап жүрек – жапырақтарымды, 
Тоз-тоз болдым... арса-арса, арсамын! 

Бастан ауып кетті білем бал шағым? 
Өлеңімде көңілсіздеу бар сарын. 
Жанарыңның жан тебірентер жарқылын, 
Неге екені қайта-қайта аңсадым?.. 

Тас төбемнен борап жатыр қарша мұң, 
Тағдыры осы – жарға біткен аршаның! 
Жаны жаздай жадыраған жан қайда? 
Мен сол жайлы айта-айта шаршадым... 

Мерген Көшербайұлы Тоқсанбай бұрынғы Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданы, Казгородок (ескіше атауы Жанғұс-Тоқсанбай) ауылында дүниеге келген. 

 «Ассалаумағалейкүм», «Ностальгия», «Мен біреуді сағынамын...» атты кітаптардың авторы. 

Ұлт порталы

КӨКТЕМ, КӨКТЕМ!

Жүрегіне қыздардың сезім еккір,
Көктем! 
Көктем, келсе екен тезірек бір! 
Баққа барып, бақ тауып, бас айналып,
Таңғы ғашық болудың кезі кеп тұр! 

Көктем!
Көктем, жетсе екен алып-ұшып, 
Табысар ек екеуміз сағынысып!
Ақ көрпесін ысырған қара жердей,
Төсегінде қыз жатар жанып-ысып!

Көктем!
Көктем, келсеңші Көкшеге бұл,
Сені сағынғанымды ескере жүр!
Басыма бармақтай бақ бұйырта ма,
Басымнан баянсыз боп көшкен өмір?!

Көктем, көктем, келе ғой, айналайын,
Сенсіз жерде көңілге қайғы алайын.
Ақ қайың қыз Арқада бүршік атса,
Ақ самал боп, ақырын аймалайын!

Көктем, көктем, қай жақтан келеді екен,
Өлең етем мен сені, өлең етем!
Елдің бәрін өзіне ғашық қылған,
Сен не қылған, шіркін-ай, керемет ең!

Көктем,
Көктем, келесің қашан маған? 
Сағыныш бар кеудемде баса алмаған.
Салқын, суық, ызғарлы сөзден құтқар,
Мен қанша жанталасып, қаша алмаға
н...

Көктем, 
Көктем, қар бетін секпіл етіп, 
Қанатымен құстардың жет дүр етіп.
Күтем, күтем, келеді, сәл шыдасам,
...Әлде менің көктемім кетті ме өтіп?!.
 

 

 

 

 

 

 

 

ЕКЕУМІЗ

Екеуміз: 
Көшеде кездеспедік, кафеде отырмадық,
Ән болып айтылмадық, жыр болып оқылмадық.

Бақтарда қыдырмадық, қалада қаңғырмадық,
Лаулатып кеш батырмай, атқан жоқ таң нұрланып.

Теппедік алтыбақан, мінбедік қайыққа да,
Сен жайлы жазғам да жоқ күнделік, айыптама!

Қолыңнан ұстағам жоқ, сүйгем жоқ ерініңнен,
Сен тіпті ойламайсың, білемін, мені мүлдем.

Сен мені күткен жоқсың, сен маған «кел» демедің,
Мөп-мөлдір махаббатқа құмартып, шөлдемедің.

Вокзалда күткем де жоқ, шығарып салмадым да,
Үйге де шақырғам жоқ, оңаша қалғанымда...

Армандап болашақты, жоспар да құрыспадық,
Біріміз бірімізді қызғанып ұрыспадық.

Екеуміз үйленбедік, балалы болмадық та,
Ол жайлы көрген жоқпыз ойланып, толғанып та...

Сен мені сағынбадың, мен сені аңсамадым,
Осылай өмір сүрдік қанша жыл, қаншама күн?!

Жайқалсын жанымыздың мәуелі бәйтерегі,
Осының бәрін енді өзгертсек қайтер еді?!

Екеуміз! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СЕН КЕРЕКСІҢ 

Маған бүгін сен керексің... ертең де!
Өмірімді күлкіңменен көркемде!
Құстар сайрап қонуы үшін көліме,
Гүлдер жайнап өнуі үшін өлкемде!
Маған бүгін сен керексің, жарығым, 
Шаңырағымда шаттық күйін шертерге!

Маған, жаным, сен керексің, түсінші,
Жүрегіңнің кілті қайда? Ұсыншы!
Сен керексің, сен керексің – бірінші, 
Саған тартқан қыздар керек – екінші, 
Маған тартқан ұлдар керек – үшінші! 

Маған, жаным, сен керексің, керексің! 
Тәңір берген бақытыма себепшім.
Жатырыңнан батыр болып туады,
Жарты әлемді таңқалдырар көмекшім! 

Маған, жаным, сен керексің, ішімде, 
Алай-түлей дауыл тұрмас үшін де.
Жалғыздықты сезбеу үшін өңімде,
Жардан құлап өлмеу үшін түсімде!

Маған, жаным, сен керексің, екі елді
құда қылып, қуантуға әкемді.
Қос аққудай ажыраспас адал боп,
Қос дүниеде бұзбау үшін некемді!

Сен керексің, Сенсіз өмір маған – мұң!
Жарығысың мендік түнек ғаламның!
Сен керексің өтеу үшін ақ сүтін,
Алғысын ап анамның!

Маған, жаным, сен керексің! Ал, тыңда!
Сәл еркелеу, сәл бұзықтау қалпыңда!
Жан дүниемнің бақ, байлығы өзіңсің,
Айырбастамас алтынға!!!

Маған, жаным, сен керексің! Қаншама,
Қыздың жасы менің үшін тамса да!
Сен керексің! Сен керексің, жарығым,
Басқа дүние керексіз боп қалса да!!!

 

 

 

 

***

Ұп-ұзақ түн өтті-ау, қамығып.

Қып-қысқа сарғайған таң – үміт.

Шоп-шолақ түсімнің иесі

                                         өзіңді,

Оп-оңай ұмытпай, сағынып,

 

Там-тұмдап сабырдан арылып,

Ап-ауыр бір ойға малынып.

Шап-шағын бөлмеме сыя алмай,

Үп-үлкен әлемнен сені іздеп,

                                   сабылып...

 

Жап-жарық жалғанды түрлентіп,

Жап-жасыл Бағымды бүрлетіп.

Көкпеңбек көктемгі жусанның,

Жеп-жеңіл жұпарын үрлетіп.

 

Тап-таза көңілмен – ұдайы жас,

Біп-биік еңсем бар – мұңаймас!

Ес-түссіз жүрегім

                           сезімге

шіп-шикі мас бүгін, удай мас.

 

Тұп-тұлдыр төзімсіз қалып Мен,

Дәп-дәл сол елгезек қалыппен.

Тұп-тура жаныңа жетсем ғой,

Жып-жылдам! Жарысып жарықпен!

 

Қым-қиғаш жолдардан бүкіл көп,

Аман-сау жеткенге шүкір деп.

Жұп-жұқа көйлектің астында,

Нәп-нәзік Жүрегің лүпілдеп.

 

Тұп-тұнық жүзіңнен Ай көріп,

Жап-жарқын күлкіңде қайғы өліп.

Сұп-суық Тағдырым тоңдырса,

Ып-ыстық құшағың жай келіп.

 

Қап-қалың шашыңды тарқатып,

Қып-қызыл ерініңнен бал татып.

Қап-қара түн өтіп қойныңда,

Аппақ боп қасыңда таң да атып.

 

Тәп-тәтті қылығың ұнап қап,

Мөп-мөлдір көзіңе құлап қап.

Жап-жақын жүргенде қуансам,

Ап-алыс кеткенде жылап қап. 

 

* * *

 

Ақпанның кірлеген қарындай,
Күнәһар пенденің жанындай.
Қап-қара бұйра түтіндей,  
Қаракөк жалындай!

Мақсатсыз, мұратсыз адамдай, 
Қайырсыз, сауапсыз қадамдай.
Ауыр сөз жазылған парақтай,
Сиясы таусылған қаламдай.

Емдеуге болмайтын жарадай,
Уланған, өртенген даладай.
Қоқысқа толы кір көшедей,
Жын жайлап алған сұр қаладай.

Қайрылып келмейтін көктемдей,
Өзгерте алмайтын өткендей.
Кісідей беймарал күн кешкен –
Ешкімді шын сүймей, жек көрмей...

Осылай болғаным үшін Мен,
Кінәлі шығармын? Ішімнен
өзгерте алмадым өзімді, сөзімді...
Ренжіген шығарсыз?! Түсінем!..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НҮКТЕ

 


«Керек емес маған ешкім!»

 

Сенің хатың.

 


Керек емес маған ешкім!
Өзім де сол... керексізбін.
Ертегіміз сәл көңілсіз 
аяқталды демек біздің.

Суығын-ай қара кештің,
Салқынын-ай сөздеріңнің.
Түк етпейді! Мен Арқаның
аязына төзген ұлмын!

Қарағайға қарап өстім – 
Өңін бермес қысы-жазы!
Тек жүрегім ауыр-ауыр
кей сөздерден ұшынады...

Тозып біткен таға емеспін!
Жұқарғанмен жүйкем аздап.
Мұз боп суып жек көреалман!
Себебі, Мен сүйгем – маздап!

Бәрін ұқтым, бала емеспін!
Білем, бәрі бітті осымен.
Сен бастаған бұл өлеңнің,
Қоя салам нүктесін Мен!
 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

*  *  *

 

Саған баратын жол жоқ қой енді, жол жоқ қой,

Қайтейін, жаным, ерніңе сенің шөлдетті ой.

 

Бұл өмір деген ойын емес қой, ботам-ай,

Бәрін басынан бастай салатын оп-оңай!

 

Бәрін басынан бастай алмаймыз, не етеміз?

Қай жерден кетті, білмеймін, біздің қатеміз?

 

Өкініп қалдым, опынып қалдым мен неге?

Жалғыз ұлыңмен отырып қалдың сен неге?

 

Жылайсың жалғыз суық төсекке құлап кеп,

Жалғыз ұлыңа «тек жалғыз қызды ұнат»,-деп,

 

ақыл айтарсың, «жылатпасын деп басқаны,

бір қызды сүйіп ұнатпасын деп басқаны...»

 

әкесі оның ұнатып еді тастады,

әкесі оның жылатып сені тастады...

 

жаның ашымай шыдарсың қалай мұндайға?

Бағың ашылмай... е, бұдан ауыр мұң қайда?!

 

Ерке қыз едің көтермеді ме назыңды,

Сағынып жүрсің көктемдеріңді, жазыңды.

 

Мұңайып жүрсің өткеніңді өмір қайтармай,

Қиналып жүрмін жұбатар түк те айта алмай... 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҮШ ТҮН БОЛДЫ...

Үш түн болды –

Құлап бара жатамын,
Биіктен.
Қурап бара жатамын,
Күйіктен.

Өліп бара жатамын,
Сау қалмай!
Шөгіп бара жатамын,
Таулардай!

Әлдекімнен қашамын,
Күш салып.
Әлдекімге жатамын,
Ұсталып...

Қарызданып жатамын – 
Жұртымдай.
Бауыздалып жатамын –
Жылқымдай! 

Еш айырмам болмай қап 
Қайыңнан.
Сарғаямын, сор қайнап –
Уайымнан.

Қара шашын жайып сап,
Қайқаңдар,
Бұраң белі майысқақ –
Сайтандар!

Бастырылып, түршігіп
шығам да,
Тіл ұшында тұншығып
дұғам да..!

Біреу келіп тергейді,
Ісімді.
Осындайда көр дейді, 
Күшіңді.

Үш түн тусте көргенім – 
қысым-ды,
Ғазиз басым төрде еді –
түсірді.
...........................................
...........
Айтпағаным жөн бе еді, 
Түсімді?!

 

 

ТЕК СЕНІҢ ЖАНАРЫҢ ОҚЫСЫН...

 

Тек сенің жанарың оқысын,

Ешкімге көрсетпе сен енді.

Көзіңнің ойнақы оты үшін,

Өмірге келген өлеңді.

 

О, сендік мойылдай қарашық,

Нұрынан өлеңім гүлдесін.

Өлеңге бір күліп қарашы,

Мұңайып қалып ол жүрмесін!

 

Бүгінгі жүрекпен жазғанға,

Иә, ертең жанарың ие ғой.

Өлеңге сәбидей мәз бол да,

Көзіңмен сүйе ғой, сүйе ғой!

 

Ешкімге оқыма дауыстап,

Жұрт жаттап алмасын жиылып.

Кеткенде арамыз алыстап,

Оңаша оқырсың, жымиып.

 

Сен оны жасыршы.

Салсаң да

Түпсіз көзіңнің түбіне.

Е, мейлі жаттап алсаң да,

Бір оқып шыға сал күніне!

 

Сүйсініп, сүйініп оқышы,

Көзіңнің нұрына бөлендір.

Көзіңнің ойнақы оты үшін,

Өмірге келген өлең бұл.

 

Құрбың да оқымай,

Оқымай жігітің,

Кішкентай құпия боп қалсын.

О, сосын ғашық боп... күні-түн,

О, бәлкім сен мені жоқтарсың?

 

Осылай мен аздап мұңайдым,

Жүрекке шоқ түсіп жаңа бір.

Мен сенсіз өмірге шыдаймын,

Өлеңге көз қырын сала жүр.

 

Ішіне бір тамшы түн құйып,

Шабытпен жаратқан Алла шын.

Мөп-мөлдір, тұп-тұнық, тұңғиық,

Көзіңді

Өлеңім сағынып қалмасын! 

 

ІҢКӘРІМ

 

«Келші», – деп шақырмадың,

Көргің де келмеген шығар?

Мен салған жараның ақыр бәрін,

Басқа жан емдеген шығар?!

 

«Мен сені сағындым», – деп ем,

Жүрегің сенбеген шығар?

Жетім де жалғыз жаным – мұңды өлең,

Сүйген соң – өлмеген шығар...

 

Сүймесе, өмір де өлімдей,

Сүйгенім – ең әйбәт бақыт.

Дірілдеп еріндеріңдей,

Толқимын сені ойлап жатып.

 

Құмарлық өкіндіре ме?

Барғым кеп кімдерге тағы?

Мен жалғыз отырмын, міне,

Жұбымен жүргенде бәрі.

 

Іздеумен, білмеймін, кімді,

Қаңғырып қалада мына.

Көңілім күндей тұтылды,

Қол жетпей қалағаныма.

 

Үйіме кеш келем жүріп,

Кезікпей алдан арманым.

Жүректе – өшпеген үміт,

Басымда – жанбаған бағым.

 

Іңкәрім,

Жалғыздық жастанып тағы,

Жүргенім жарамас олай.

Әдемі басталып бәрі,

Аяқсыз қала ма солай?!

 

Қайтарам бал шақты қалай?

Қажытты тым алыс кезің...

Аңсатты-ау, аңсатты талай,

«Кел» деген бір ауыз сөзің!

 

 

 

 

ЖАУАП

«Жұматайым Сіз менің...»

Оның хатынан.


Білемін бəрін, жарығым,
Сеземін бəрін...
Менің де бүгін жаным – мұң,
Өзегім – жалын.

Тереземде мұз қатып тұр,
Жасымдай болып,
Өзіңсіз өткен уақыт бұл –
Ғасырдай болып.

Көтертпей қойды еңсені
Қалың тұман – мұң...
Сағынып қалдым мен сені,
Сағындым, жаным!

Айтқым кеп саған... сөзім көп,
Айта алмай жүрген.
Өзің кеткелі көзімде от,
Байқалмай мүлдем...

Жанымның жайлау төрі анау –
Ызғар өпкендей.
Көңлімнің айдын көлі анау –
Құстар кеткендей.

Еске алып сол бір мөп-мөлдір
Түстей шақтарды.
Қайта оқып түнім өтті əрбір
Хұснихаттарды.

Жаныма сая жоқ сенсіз,
Дауыл əр күнім.
Жүрегім қалып көктемсіз,
Ауырар бүгін.

Ойыма қанша оралып,
Еркелеткенім...
Өкінтті қанша – ол анық,
Өкпелеткенім...

Бір жүрген кездің куəсі,
Фотоларды өзім,
Жүз рет көрдім расы,
Боталап көзім.

Білтелі шамдай үмітті,
Өшіргім келмей.
Қап-қара қапас күдікті,
Кешірдім түндей.

Алағайлы шақ өткеріп,
Бұлағайлы шақ.
Лəйлəсіз жүрмін отқа еніп,
Жұматай құсап.

 

ҚЫЗ МОНОЛОГЫ

 

(Маған ғашық қыздың атынан)

 

Ағажан!

Мен сіздің өлеңіңізге емес,

Өміріңізге енгім келеді.

Атар таңды бірге көрерімізге,

Сенгім келеді, ағажан!

 

Сүйемін деуге дәтім жетпейді,

Сол үшін,

Жанарымды оқып, жүрегімді тыңдаңызшы!

Өтінем, аясаңыз егер мені шын,

Түк сезбейтіндей боп тұрмаңызшы!

                                          Ағажан!

 

Сөзіңіз, көзіңіз, өзіңіз салқынсыз.

Мені жауратып,

Жылата бересіз Сіз неге?

Білесіз бе,

Сізге ұқсағасын,

Ғашық боп алдым күзге де.

 

Ағажан,

Мен сізді сағынып жүрмін...

Күтумен жүрмін, пайдасыз.

Мен жалғыз мұңға малынып жүрмін,

Сіз кіммен жүрсіз??? Қайдасыз?!

 

Сізге хат жазып жіберсем бе екен?

(Оқымайсыз ғой бәрібір!)

Туф, сөз таппай осы мүдірсем бе екен?!

Кездесейікші тағы бір...

 

Ағажан,

Өткендегідей, көктемдегідей,

Мейлі, үндемей тұрсақ та.

Төбем бір көкке жеткендегідей

Қуанайын!

Түсіңізге кіріп, рұқсат па?!

 

ƏН АЙТЫП БЕРШІ... 

 

Əн айтып берші маған,
Жан үнсіз жыласын да,
Жүрегім елжіресін.
Шаршадым... ұғасың ба?!
Айтайын енді несін?!.

Əн айтып берші маған,
Шығарып быт-шытымды,
Қозғайтын ішкі дертті.
Күле алмай жұрт сықылды,
О, қандай күш жүдетті?!

Əн айтып берші маған,
Дауысы мың құбылған,
Гитараң қайда қалды?!
Əн салшы, мұңлы бір əн,
Жаңғыртып айналаңды!

Əн айтып берші маған...
Жігерім жасып тұр ма?
Жүрегім солды ма шын?
Білмеймін, ғашықпын ба?
О, бəлкім, сен білесің?!

Əн айтып берші маған,
Басылсын құмарлығым,
Қанбаған туғалы бұл.
Айтар кеш шығар бүгін,
Махаббат туралы бір?!.

Əн айтып берші, жаным,
Кеудеме қылыш сұққан,
Келгендей гүлсіз көктем...
Құтқаршы тыныштықтан,
Шаршадым үнсіздіктен!

 

КЕШІРМЕ

 

 

Маған деген сағыныштың отымен,

Мен сүйетін әнді айтып бер, өтінем,

Гитараңның пернелерін жылатып.

 

Қоштасарда: «Келемін», – деп кетіп ем,

Соным үшін – өкінемін... Өкінем!

Қалдым кеше басқа қызды ұнатып...

 

Бәріне мен кінәлімін, кешірме!

Жек көріп кет, хаттарымды өшір де!

Басқа жігіт жолығады шын адал.

 

Ғашық болып Алматының кешіне,

Бірге жүрген сәттер түссе есіңе,

Оңашада жылап алсаң, жылап ал.

 

Енді мені ұмыта сал, ақылдым,

Мен осындай «иттігі» көп ақынмын,

Жан жылатып, жүрегіңді жүдеткен.

 

Басыңды да бекер сенің қатырдым...

Саған тағы өлең жазып жатырмын,

Саған енді ғашық емес жүрекпен...

 

Жүрегіңде сағынышың бүр атып,

Тілегің де бір мейірім сұратып,

Жалынышты жанарларың мөлдіреп,

 

Арманыңды Алатаудан құлатып,

Гитараңның пернелерін жылатып,

Мен сүйетін әнді айтып бер, соңғы рет...

 

Сосын хабарласпайық!

 

ОЛ ТУРАЛЫ СОҢҒЫ ӨЛЕҢ...

 

Ол:

«– Ешқайда кетпеймін»,–  деп уәде еткен.

Соған сенгем, аңғал, аңқау әдетпен.

Сөзден – жылу, көзден – мейір дәметкем,

Үміттерім алдамшы екен, қап, әттең!

 

Ол:

«– Ешқашан кетпеймін»,– деп серт еткен,

Назыменен күйдірткен, қылығымен өртеткен,

Анасынан айналайын ерке еткен.

Жанарынан жанын көріп – мөлт еткен,

Жолыққанда жас жүрегім селк еткен.

Эх, кетіп қалды-ай... ерте әттең!

 

Ол:

«– Ешкімге кетпеймін»,– деп күлгенде,

Қуаным ем! Мұңым тарқап бір демде.

Өлең болды мен шабытсыз жүргенде,

Өзі болды баға жетпес жүлдем де!

Енді қайттым? Кетіп қалды мүлдемге!

 

Ол ешқашан келмейді енді, келмесін!

Қиналамын, қынжыламын мен несін?!

Сенімімді, сезімімді көмгесін,

Анық болды енді ешкімді сүймесім,

Енді ешкімге сенбесім!

 

ЖАЛҒЫЗ АРША


«Қарқаралы басында жалғыз арша...»

Біржан Сал.


Жар басына жалғыз біткен аршамын,
Жалғыздықпен жылжып өтті қанша күн?!
Жел жұлмалап жүрек – жапырақтарымды,
Тоз-тоз болдым... арса-арса, арсамын!

Бастан ауып кетті білем бал шағым?
Өлеңімде көңілсіздеу бар сарын.
Жанарыңның жан тебірентер жарқылын,
Неге екені қайта-қайта аңсадым?..

Тас төбемнен борап жатыр қарша мұң,
Тағдыры осы – жарға біткен аршаның!
Жаны жаздай жадыраған жан қайда?
Мен сол жайлы айта-айта шаршадым...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мерген Көшербайұлы Тоқсанбай бұрынғы Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданы, Казгородок (ескіше атауы Жанғұс-Тоқсанбай) ауылында дүниеге келген.

 «Ассалаумағалейкүм», «Ностальгия», «Мен біреуді сағынамын...» атты кітаптардың авторы.