08 мау, 2018 сағат 10:47

Менингиттен көз жұмған бала мен қызға инфекцияны сау адам жұқтырған

Дәрігерлер менингиттен көз жұмған бір отбасындағы бала мен қызға инфекцияны кім жұқтырғанын анықтады, деп хабарлады Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин. 

"Кімнен жұққаны анықталды, әлбетте, оның аты-жөнін атамаймын. Инфекцияны жақын туысы тасымалдаған болып шықты, сау адам, ешқашан ауырмаған, дерттің ешқандай белгілері байқалмаған, бірақ ол инфекцияны таратқан", — деді Бекшин жұма күнгі баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, бала мен қыз сол адамнан жұқтырып, дәрігерлерге уақытында қаралмауы салдарынан көз жұмған.  

Бұған дейін Алматы облысында бір отбасындағы кішкентай бала мен жас қыз менингококк инфекциясы салдарынан көз жұмғанын хабарлаған едік. 

sputniknews.kz