01 мау, 2018 сағат 12:36

Менингит Қызылорда облысына да жетті

Қызылорда облысында Жаңақорған ауданында бір адам менингит дертіне шалдықты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, бейсенбі 31 мамырда аудандық жұқпалы аурулар емханасына менингококк инфекциясын жұқтырған 27 жастағы ер адам түсті, оған тиісті сараптамалар мен емдеу жолдары тағайындалды.

"Бүгін дәрігерлер науқастың хәлі ауыр, бір қалыпты деп бағалады. Онымен байланыста болған 11 адам бақылауға алынды. Өңірде менингококк жұқпасын ертерек анықтау бойынша профилактикалық шаралар атқарылып жатыр", — деп хабарлайды баспасөз қызметі.