17 шіл, 2017 сағат 09:25

Мен мұндай жекпе-жекті 20 жыл күттім - Головкин

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин қыркүйекте болатын мексикалық Сауль "Канело "Альвареспен жекпе-жектен не күтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

"Мен мұндай жекпе-жекті 20 жыл күттім. Альварес бұған дейін жұдырықтасқан жігіттерден бөлек. Ол мықты жігіт, нағыз чемпион. 16 қыркүйекте біз нағыз бокс шоуын жасаймыз", - деп келтіреді Головкиннің айтқанын ESPN.

Мұның алдында Головкин "Канеломен" жекпе-жекке өте жақсы дайындықта шығуы керектігі туралы айтқан. Өйткені ол Абель Санчес даярлаған жекпе-жек жоспарын толық жүзеге асыруы керек. 

Жекпе-жек Лас-Вегастағы 20 мың адам сиятын T-Mobile аренасында өтеді, ал билеттердің бәрі сатылып кеткен. Бокс кешін HBO  арнасы ақылы трансляциялар жүйесі арқылы көрсетеді.