15 ақп, 2019 сағат 11:12

Мен де көпбалалы отбасының перзентімін - Ғабидолла Әбдірахымов

Шымкентте 31 мыңнан астам көпбалалы ана бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов бүгінгі халық алдындағы есебінде осылай деді.

«Əкем 10 ағайынды, анам 7 ағайынды, мен де көпбалалы отбасының перзентімін. Шымкентте 31 мыңнан астам көпбалалы ана бар, Құдайға шүкір. Біз осы бағытта жұмыс істейміз. Кəсіпкерлікті қолдаймыз жəне жақында Шымкент қаласында көпбалалы аналармен жұмыс істейтін орталық ашатын боламыз», - деді Шымкент қаласының әкімі.

Айта кетейік, бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Шымкентте 2200 алтын алқа иегері, 6600 күміс алқа иегері, 511 Батыр ана, 700-ден аса І және ІІ дәрежелі орденмен марапатталған және 3200 көпбалалы ана бар. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қалада көпбалалы аналар 1 наурыздан бастап Шымкенттегі қоғамдық көлікте тегін жүре алады.