16 сәу, 2021 сағат 09:50

Меморгандар халыққа қабылданған заңның ережелерін түсіндіруге міндетті - Наталья Пан

Мемлекеттік органдар халыққа қабылданған заңдардың ережелерін түсіндіруге міндетті болады. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Наталья Пан айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында Әділет вице-министрі заң шығару процесіне заң жобасына міндетті ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының енгізілгенін айтты. 

«Бұл бағдарлама азаматтарды алдағы не заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы хабардар етудің тәсілдері мен мерзімдерін ашатын нақты іс-шараларды қамтитын болады. Осылайша, заң жобаларының немесе заңдардың негізгі ережелерін түсіндіру жүйелі және жоспарлы болады», - деді Наталья Пан.