#
#
Сенбі 22/02/2020

Мемлекеттік тілді дамыту қоры өңірлерде «Qazaq Latyn Keyboard» жобасын таныстырды

  • 13.04.2018
  • 0
  • 7690

11-12 cәуірде Көкшетау және Петропавлда Мемлекеттік тілді дамыту қорының өкілдері студент  жастар, мемлекеттік орган өкілдері, жастар қоғамдық бірлестіктері, өзге ұлт жастары, мұғалімдер, ғалымдар және журналистермен кездесулер өткізді.

Кездесулер аймақтағы жастарды ғылым және білім саласында қолдау мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры мен Ақмола және СҚО облыстары Әкімдігі арасындағы серіктестік туралы Меморандум аясында өтті.

Кездесуде ұйымдастырушылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен қазақ тілінің латын графикасына көшуін түсіндірді.

Іс-шараларға Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев, Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының басшысы Бауыржан Қарағызұлы, Қордың жоба үйлестірушісі Әсет Оспанов қатысты.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев алғы сөзінде қазақ тілінің латын графикасына көшуі қазақ тілін жаңғыртуға және еліміздің техникалық прогресіне жол ашатынын атап өтті.

Кездесулер барысында смартфон және планшеттерге (Android және iOS платформалары үшін) арналған латын әріптерімен қазақша пернетақта «Qazaq Latyn Keyboard» жаңа жобасының тұсаукесері өтті. «Qazaq Latyn Keyboard» қазақ тілін латын қарпінде барлық қосымшаларда қалыпты қолдануға мүмкіндік береді. Қолданушылардың ыңғайына және үйренуіне арналып пернетақта жиынтығының транслитерациясы жасалды. Оның көмегімен қазақ сөздерін кириллицада енгізсеңіз бағдарлама автоматты түрде енгізу терезесінде мәтінді латын графикасына аударады. Осындай тәртіппен керісінше жасау арқылы қолданушылар жаңа латын қаріпімен енгізуді үйрене, жаттықтыра алады.

Бұдан бөлек кездесулер қатысушыларына Мемлекеттік тілді дамыту қорының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасаған басқа да жобалары таныстырылды. Бұлар  қазақ тілін тегін оқытатын «Soyle.kz» онлайн курсы, «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық мобильдік ойыны, «Abaialemi.kz» онлайн энциклопедиясы, «Tattialma.kz» балалар әдебиет сайты, «Qazaqstan3D» веб-сайты және мобильді қосымшасы, «Жеті қазына», «Менің Казахстаным», «Ұлы тұлғалар», «Қазақстанның мерекелері» мобильді қосымшалары.

Кездесулер барысында қатысушылар арасында қазақ әліпбиінің кезеңмен латынға көшуінің басты қырлары жайында ауқымды сұхбат болып өтті. Сонымен қатар қатысушылармен  «Латын әліпбиінде жылдам оқуға» байқау өткізілді. Үздік нәтиже көрсеткендерге естелік сыйлықтар табысталды.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев іс-шара соңында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы -  қоғамның қуатты модернизациясы және уақыт өзгерістеріне төтеп беруге мүмкіндік беретін, ұлттық сана-сезімді өзгертетін ұлы реформа екенін айтты.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар