02 мам, 2017 сағат 11:53

Мемлекеттік қызметшілерге мешітке баруға тыйым салатын шектеу әлі енгізілген жоқ - Ермекбаев

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, мемлекеттік қызметшілерге жұмыс уақытында мешітке баруға тыйым салу бойынша нақты шешім әлі шығарылған жоқ, деп xабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Жұмыс уақытында мемлекеттік қызметшілер мешітке бара ала ма? Ол сұрақ та өте маңызды. Себебі Конституция бойынша біз әрбір азаматтың құқықтарына құрметпен қарап, сол құқықтары мен бостандықтарын сақтауымыз қажет. Ар-ождан бостандығы да бар бізде. Сондықтан осы мәселеге қатысты салиқалы бір шешім болады деп сенемін. Қазір нақты бір нәрсе айту ерте. Заңнамалық өзгерістер талқыланғанда бұл мәселені қарап, ортақ шешімге келеміз деген ойдамын», - деді Ермекбаев бүгін Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, журналистердің сұрағына жауап берген министр сақал жіберу, қысқа балақ пен қара орамал киіп жүруге шектеу қоюға қатысты өз ойын да білдірді.