19 қаз, 2018 сағат 08:45

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұған дейін осы қызметті атқарған А. Теңгебаев берген өтініміне сәйкес лауазымынан босатылды.

Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2001 жылы — Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2010 жылы — Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы бастаған. 1997–1999 жылдары Алматы қаласының Әуезов ауданы бойынша Салық бөлімінің бірінші санаттағы маманы, салық инспекторы болып қызмет еткен.

1999–2001 жылдары — Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы, аға салық инспекторы, жетекші салық инспекторы, бас маманның – бас салық инспекторының м.а.

2001–2010 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық комитетіндегі қызметін жалғастырып, Алматы қаласы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

2010–2012 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде басшылық қызметтерде еңбек етті.

2012–2014 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік–экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі.

2014–2017 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2017 жылғы маусым айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік–экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымын атқарған.