09 қаң, 2017 сағат 09:04

Мемлекеттік кіріс комитетінің қызметкері казинодан пара алды деген күдікпен ұсталды

- Қазақстанның Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облыстық департаменті ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Өндірістік емес төлемдер басқармасының бас сарапшысы Р. Жұмабаевты ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Р. Жұмабаевтың Қапшағай қаласы аумағында орналасқан ойынхана өкілдерінен ойын мекемелерінің кәсіпкерлік қызметіне заңсыз қамқорлық жасап, салықтық тексерулер жүргізбеу үшін жүйелі түрде пара алғандығы анықталды. Мәселен, Р.Жұмабаев делдал  өзінің ұлы Д.Уданов арқылы Қапшағай қаласындағы «ІнжуКZказино «ХО» өкілінен 5 мың АҚШ доллары сомасында кезекті пара алу барысында ұсталды» делінген Қазақстанның Ұлттық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта Р. Жұмабаев пен Д. Уданов ҚР ҚІЖК 128 бабына сәйкес Іле аудандық ІІБ уақытша оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.