21 там, 2019 сағат 16:47

Мемлекеттік басқару академиясының ректоры тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ерлан Қуанышұлы Әбіл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Ерлан Әбіл Жезқазған тау кен-технологиялық институтын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты. Осы тағайындауға дейін Академия жанындағы Басқарма институтына басшылық еткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болған Әлтайыр Амангелдіұлы Ахметов қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.