04 қаз, 2017 сағат 11:02

Мемлекет меншігіне 2 стратегиялық маңызды нысан қайтарылды

Қазақстан бұрын америкалық компанияға тиесілі екі гидроэлектрстанцияны мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2017 жылдың 1 қазанынан Қазақстан Республикасы мен Американың AES Corporation компаниясының 1997 жылдың 27 шілдесіндегі концессиялық келісімі аяқталды.  Осыған байланысты 2017 жылдың 2 қазаны мен 2017 жылдың 3 қазанынан екі концессиялық нысанның 100% үлесі - «AES Өскемен ГЭС» ЖШС мен «AES Шульбинская ГЭС» ЖШС республика меншігіне алынды», - делінген хабарламада.


Аталмыш компаниялардың активтерінде Өскемен гидроэлектростанциясы мен Шульбинская гидроэлектростанциясы бар. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік меншік пен жекешелендіру комитеті «AES Өскемен ГЭС» ЖШС мен «AES Шульбинская ГЭС» ЖШС мемлекеттік мүдделерін иелену және пайдалану құқығын ҚР Энергетика министрлігіне берді.