02 қыр, 2019 сағат 11:45

Мемлекет басшысының Жолдауы телеарналардан көрсетіледі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауын республикалық телеарналардан көрсетеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Бүгін сағат 15.00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауын республикалық телеарналардан көре аласыздар», - деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жариялады.