27 мам, 2020 сағат 09:21

Мемлекет басшысы ЖОО оқытушыларының жалақысын көбейтуді тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке ЖОО оқытушыларының еңбекақысын көбейтуді тапсырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазіргі таңда көпшілік оқытушылардың еңбегі қаншалықты маңызды екенін түсінді деп ойлаймынг. Біз «Педагогтар мәртебесі» заңы аясында мұғалімдерді ынталандыру шараларын қарастырдық. Бірақ іс жүзінде ЖОО жалақысы мектеп мұғалідерінің жалақысынан аз болып қалды. Осыған орай, Үкімет ЖОО оқытушыларының еңбекақысын көбейту мәселесін қарастыру керек», - деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.