01 мау, 2018 сағат 12:10

Мемлекет басшысы жаңа ипотека кімге берілетінін айтты

ҚР Президентінің төрағалығымен өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің отырысында Нұрсұлтан Назарбаев өзі ұсынған бес әлеуметтік бастаманың алғашқысы «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының тиімділігі туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бес әлеуметтік бастама дәл уақытында қабылданды және әр бастама қарапайым адамдар үшін арналған. Бұл бастамалар мемлекет үшін аз қаржы тұрмайды. Әр бастама біздің не істеуге тиіспіз, сол туралы айтады», - деп бастады сөзін Елбасы.

Содан соң ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев Президенттің алғашқы бастамасы әр отбасыға баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру туралы баяндады.

«Бірінші бастама – әр отбасыға баспаналы болуы үшін жаңа мүмкіндіктер беру. Ұлттық бағдарлама «7-20-25» ипотекалық кредиттеу бағдаралмасының концепциясы бойынша қабылданды. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап осы бағдарлама бойныша банктер тікелей несиелеуді бастайды. Бағдарламада ипотекалық тұрғын займы теңгемен және қосымша комиссиясыз, займ жинағынсыз беріледі», - деді Досаев.

Президент Премьер-министр орынбасарының сөзінен соң аталған бағдарламаның тиімділігіне тоқталды.

«Біз ең бірінші жастардың баспаналы болуына мүмкіндік берерміз, содан соң ешқандай пәтері жоқтарды қамтимыз. Пәтері барлар ақша тауып, сатып алады. Ал біз бұл бағдаралманы бүгінде ешқандай пәтері жоқтар үшін жасадық. (...) Біз барлық ақшаны, отбасында жұмыс істейтін екі адамның еңбекақысын есептедік. Ипотекалық кредит мөлшері максимум 7% болады. Процентті төмендеуі үшін алдағы уақытта жұмыс істейміз. Кредит үшін төлейтіндерге арзан болу үшін бұрындары алғашында 50% жарнаны талап еттік, қазір 20% болды. Бұрын максимум 10 жылға несие берсек, қазір 25 жылға дейін беріледі.

Жастар, ұстаздар, дәрігерлер мен аз жалақы алатын мемлекеттік қызметкерлерге баспана алуға мүмкіндік беріп отырмыз. Бізде әліге дейін барлық қала, ауданда үй кезегіне тұрады. Германия, болмаса Францияда, Америкада пәтерге кезекке тұрғанды кім көрді? Бұл нарықтық экономикадағы нонсенс. Оларда ешқандай кезек жоқ, себебі мемлекет тегін баспана бермейді. Әліге дейін зейнеткерлер маған «Астанадан пәтер беріңізші» деп жазады. Оларға айтарым, бізде бар бағдарламаларға қосылыңыздар. Бізде ипотекалық бағдарламалар арқылы ипотека алуға болады. Ардагерлерге арналған жалдамалы баспана да бар мысалы.

Біздің барынша жасаған жағдайымыз сол – ипотекалық кредиттеу бағдарламасын әзірледік. Барлық партиялықтарға, әкімдерге айтарым мұны қолға алып, тістегеннің аузында кетпей, ұрламай, кімге қажет соған берілгенін қадағалау керек», - деді Елбасы.