12 сәу, 2019 сағат 09:07

Мемлекет басшысы: Ұлттық сана ұлттық тілмен ғана қалыптасады

Жаңғыруды, ең алдымен, ана тілімізден бастауымыз керек. Ақтау қаласындағы Достық үйінде жұртшылықпен кездесу барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың Туиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жаңғыруды, ең алдымен, ана тілімізден бастауымыз керек! Ұлттық сана ұлттық тілмен ғана қалыптасады», - деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласының жарияланғанына екі жыл толды.