14 қар, 2019 сағат 14:40

Мемлекет басшысы полипропилен бұйымдарын жасайтын кәсіпорын жұмысымен танысты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысындағы «Новопэк» ЖШС-ның жұмысымен танысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы полипропилен бұйымдарын жасайтын кәсіпорындағы өнім шығару жұмысының технологиялық процесімен танысты.

Өндірілетін өнім әлемдік стандарттарға сай келеді және Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан елдеріне экспортталады. Зауытта 940-тан астам адам жұмыс істейді.

Компанияның бас директоры Рүстем Османов Президентке кәсіпорын қызметкерлеріне арналған 600 орындық жатақхананың құрылысы туралы және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынатын балабақша жайында баяндады.