11 қаң, 2019 сағат 13:06

Мемлекет басшысы көрнекті ғалым Мырзатай Жолдасбековты қабылдады

Қазақстан Президенті мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым Мырзатай Жолдасбековпен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.

М.Жолдасбеков Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген басты бағыттар аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтты.