08 қаз, 2019 сағат 12:49

Мемлекет басшысы масаны жою жұмыстарына назар аудартты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаз бойы тұрғындардың мазасын алатын масаны жою жұмыстарына назар аудартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүкіл жаз бойы қаптаған маса қала тұрғындары мен қонақтарына қолайсыздық тудырды. Менің бұл тақырыпта сөз қозғағанымның өзі ыңғайсыздау. Масалар кеше ұшып келген жоқ қой. Бұл жоспарлы жұмыс болуы тиіс», - деді Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысының дерегінше, масаны улауға бөлінген 395 млн теңге қаражаттың тек 65 пайызы ғана игерілген.

«Жұмыс дер уақытында, лайықты үйлестірусіз жүргізілген. Жағдайдың ерекшелігі барынша белгілі. Бірақ, маған жағдайдың жылдан жылға қайталанатындығы түсініксіз. Басқарушыларымыз бен менеджерлеріміз қандай өзі», - деді ҚР Президенті.