27 қар, 2017 сағат 12:21

Мемлекет басшысы испан сәулетшісі Сантьяго Калатравамен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев испан сәулетшісі Сантьяго Калатравамен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Сантьяго Калатрава Мемлекет басшысына Қазақстанға келіп, елорданың сәулет нысандарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтты

Қазақстан Президенті Астана бірегей сәулетімен және өмір сүру үшін жасалған қолайлылығымен ғана емес, сондай-ақ қайталанбас атмосферасымен ерекшеленетінін атап өтті.

– Елордада тұрғысы келетін адамдардың саны артып келеді. Қала халқының саны бір миллионға жақындады. Келесі жылы біз Астананың 20 жылдығын атап өтетін боламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, танымал испан сәулетшісі және мүсіншісі Сантьяго Калатрава әлемнің түрлі елдеріндегі көптеген футуристік нысандардың авторы болып саналады.