30 қар, 2018 сағат 21:37

Мемлекет басшысы «Елбасы жолы. Астана» көркем фильмінің премьерасына барды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елорда жұртшылығымен бірге «Елбасы» киноэпопеясының «Астана» атты фильмін тамашалады. Халық көпшіліктің назарына бүгін ғана ұсынылған туынды Елбасының шығармалары желісінде түсірілген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Елбасы жолы. Астана» фильмінде Қазақстан елордасының қалыптасу тарихы және оны салу үдерісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың басты рөл атқарғаны жөнінде баяндалады. Кинокартинада 1994 жылғы шілде айында ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қабылданған маңызды шешімге байланысты оқиғалар көрсетіледі.

Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихын қалыптастыру, оның ішінде елордамыз Астананы салу жолындағы Тұңғыш Президентіміздің өмір жолы бейнеленген фильмді астаналықтар ризашылықпен қабылдады. 


Басты рөлдерде Мұрат Ахманов, Жан Байжанбаев, Олег Ли, Азат Сейітметов, Асқар Ілиясов, Гүлнар Жақыпова ойнайды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен туындыны Қазақфильм  мен Сатайфильм киностудиялары түсірген.