#
#
Cәрсенбі 17/10/2018

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысымен кездесу өткізді

  • 10.10.2018
  • 0
  • 308

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Бас хатшысы Томас Гремингермен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Астанада жүздесіп отырғанының ерекше маңызын атап өтіп, съезд жұмысына қатысқаны үшін ЕҚЫҰ Бас хатшысына ризашылық білдірді.

«2010 жылы Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық еткенін білесіз. Біз бұл ұйымның осы ғасырдағы жалғыз саммитін өткіздік. Оның нәтижесі бойынша маңызды декларация қабылданды», - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастық пен кооперацияны одан әрі дамытудың маңызды екенін айтты.

Т.Гремингер өңірлік қақтығыстарды шешу және бейбітшілікті нығайту ісіндегі Қазақстан Президентінің рөлі мен үлесін ерекше атап өтті.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР