18 шіл, 2019 сағат 10:46

Тоқаевты Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті құттықтады

Мемлекет басшысының атына Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың құттықтау хаты келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

Ірі спорт ұйымының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент лауазымына тағайындалуына орай жылы лебіз білдіріп, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Томас Бах Қазақстанның олимпиадалық қозғалыстағы белсенділігіне жоғары баға беріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың спортқа деген ықыласын атап өтті.

Хатта ХОК-тің Қазақстан Үкіметімен және Ұлттық олимпиадалық комитетімен тығыз әрі жемісті ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниетті екені айтылған.