02 мам, 2018 сағат 13:49

Назарбаев Астанадағы жаңа мешітке барды (Фото)

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық мұсылмандардың қасиетті Рамазан айында елордадағы «Сарыарқа» ауданында орналасқан жаңа мешітке барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Қазақстан Президентіне мешіттің құрылысы мен осы ғимаратты электр және жылумен қамтасыз ету үшін пайдаланылатын баламалы энергия көздері туралы толығырақ ақпарат берілді.

Есілдің оң жағалауында орналасқан мешіттің құрылысы 2016 жылы басталды. Ол қайырымдылықтан түскен ақша есебінен тұрғызылған. Мешіттің ғимараты дәстүрлі ою-өрнектер және декоратив элементтерді қолдана отырып, постмодернизм стилінде салынған. Күмбезінің диаметрі - 26 метр. Сырттай қарағанда мешіттің дизайны гүлге және алмаздың қырына ұқсайды.

Мешіттің басты ғимаратынан солтүстікке қарай орналасқан мұнараның биіктігі - 43,5 метрді құрайды. Ол «қалам» - «қасиетті қаламұш» бейнесінде жасалған.

Жаңа мешітті энергиямен қамтамасыз ету үшін қолданылатын балама көздер қажетті көлемнен үш есе артық электр энергиясын өндіреді. Мешіт 750 адамға арналған.

Аумағы - 2248 шаршы метр. Ал жалпы учаскенің аумағы - 1,44 гектар