04 шіл, 2018 сағат 13:25

Мемлекет басшысы Астанадағы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы «Ақжайық» саябағына барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы шара барысында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысының жұртшылық өкілдерімен, елордадағы «Сарыарқа» ауданының тұрғындарымен және Мәншүк Мәметованың туыстарымен әңгімелесті.

Елбасы «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасының елорданы әлеуметтік әрі мәдени тұрғыда дамыту ісіндегі маңыздылығын атап өтті.

***

Саябақ аумағында Мәншүк Мәметованың ескерткіші, субұрқақ, 100 орындық амфитеатр, «Сиқырлы лабиринт» атты инсталляция, тақырыптық алаңдар, сондай-ақ баскетбол ойнауға және жүгіруге арналған алаңдар бар.