#
#
Cәрсенбі 21/08/2019

Тоқаев Алматы облысының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барды

  • 02.05.2019
  • 0
  • 677

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президентіне «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірдегі жобаларының іске асырылу барысы жөнінде мәлімделді, сондай-ақ Мемлекет басшысы «бір терезе» қағидаты бойынша кәсіпкерлерге консультативтік және әдістемелік көмек көрсету мүмкіндіктерімен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мемлекеттік органдардың маңызды міндеті саналатынын айтып, облыс әкімдігіне кәсіпкерлік субъектілеріне қолайлы жағдайлар жасауды тапсырды.

Қазақстан Президентіне өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері, облыстың көлік-логистикалық және туристік әлеуетінің іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен мемлекет-жекеменшік серіктестік аясындағы жобаларға және әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға қолдау көрсету ісіне баса мән берілді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Қайнар АКБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды.

Президент кәсіпорынның аккумулятор батареяларын құрастыру жұмысымен, шығарылатын өнімдердің үлгілерімен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің қолдауымен облыс орталығындағы кәсіпорында кең көлемде модернизация жүргізілгенін атап өтті. Соның нәтижесінде өткен жылы өндіріс көлемін 2,5 миллион аккумуляторға дейін артырып, ТМД елдеріне, Германияға, Польшаға, Қытай және Біріккен Араб Әмірліктеріне экспорттауға мүмкіндік алған. 

Қазақстан Президенті еңбек ұжымымен кездесу барысында, зауыттың бәсекеге қабілеттілігі нығайып, жаһандық нарыққа экспорттау мүмкіндіктерін арттыра алатындарына сенім білдірді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар