12 қаз, 2016 сағат 07:40

Мектеп атласының авторлары Қазақстанға Астрахань облысын «сыйлады»

"Мемлекеттік тізілім федералдық қызметінің шенеуніктері Мәскеу дүкендері сөресінен қателерге толы мектеп атласын тапты", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Московский комсомолецке» (МК) аталмыш Федералдық қызметтің мәскеулік басқармасынан мәлім еткендей, ведомство мамандары сирек кездесетін мектеп атласын үстіміздегі жылдың сәуірінде тапқан. Шенеуніктер кездейсоқ таңдау арқылы бірнеше атлас сатып алған. Олардың арасында «Сегізінші сыныпқа арналған Ресейдің физикалық географиясы» кітабы болған. 2016 жылы қайта басып шығарылған атластың соңғы нұсқасын 160 рубльге сатып алуға болады.

Әріп қателерінен бөлек, атлас құрастырушылары Ресей аумағының бір бөлігін Қазақстанға қосып жіберген. Сондай-ақ Финляндия мен Фин шығанағы арасындағы шекараны сызуды ұмытып кеткен.

«Онымен қоса, Қытаймен шекараны сызуда авторлар 2008 жылғы дипломатиялық хаттамамен енгізілген өзгерістерді ескермеген», - деп жазды «МК».  

Сот шешімімен компанияға 100 мың рубль көлемінде айыппұл салынды.