12 там, 2019 сағат 07:02

Мексикадағы бильярд залына шабуыл: 8 адам ажал құшты

Мексикада Ирапуато қаласындағы (Гуанахуато штаты) бильярд залында қарулы шабуыл салдарынан сегіз адам қаза тауып, үшеуі жарақаттанды. Бұл туралы жексенбі күні La Jornada газеті хабарлады.

Басылымның дерегінше, екі адам ауруханаға бара жатқан жолда жантәсілім етті, тағы екеуі медицина мекемесінде көз жұмған. Зардап шеккендердің арасында кәмелетке толмаған екі жасөспірім бар. Әзірге бұл оқыс оқиғаның себеп-салдары белгісіз болып отыр. Шабуыл жасағандардың ізін суытпай ұстаудың сәті түспеген.