02 там, 2018 сағат 14:55

Мексикада құлаған ұшақтың жолаушысы апат сәтін видеоға түсірген

Aeromexico әуекомпаниясының Embraer 190 ұшағының жолаушысы Рамин Парса авиалайнердің жерге соғылған сәтін видеоға түсіріп алыпты. Бейнежазба әлеуметтік желілерде жарияланған.

Видеода көрінгендей, ұшақ жылдамдық алып ұша бастаған кезде, қатты жаңбыр жауып, жел ұйытқып тұрған. Ұшақ жерден көтеріле бере, бірден құлаған сияқты, содан кейін камера жолаушының қолынан түсіп кетеді. Адамдардың айғайлаған дауыстары естіледі.

Естеріңізге сала кетсек, Мехикоға бет алған Embraer 190 ұшағы Дуранго қаласының әуежайында құлады. Қатты жел мен дауылдан лайнердің ұшуы қиындап, экипаж жерге қонуға шешім қабылдаған. Әуе кемесі қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетті.

Ұшақ бортында 103 адам болды, қаза тапқандар жоқ. Лайнерден шыққан өртке қарамастан, жолаушылардың дені ұшақтан өздері шығып үлгерген. Зардап шеккендер дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

sputniknews.kz