#
#
Сейсенбі 07/04/2020

Mega Pharma компаниясы медициналық маскалар тарату акциясын бастады

  • 26.03.2020
  • 0
  • 80

Отандық медициналық маска өндіретін «Mega Pharma» компаниясы «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясын іске қосты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қазақстандықтарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Үкіметтің осы күндері коронавирустық инфекцияның таралуымен күресу үшін жүзеге асырып жатқан шараларын қолдауға шақырған болатын.

Осыған байланысты отандық медициналық маскалар өндіруші «Mega Pharma» ЖШС «Біз біргеміз!» акциясын бастады. Компания өкілдері бүгін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарына 100 мыңнан астам медициналық масканы тегін таратуда. Әрбір адамға 5 дана медициналық маска беріледі.

«Mega Pharma» компаниясы Шымкент қаласында құрылды. Кәсіпорын полимерлік материалдардан бір реттік медициналық бұйымдарды, аскорбин қышқылын, дәрі қобдишасынан және басқа да медициналық тауарларды шығарумен айналысады. Бүгінгі күні кәсіпорын тәулігіне 50-60 мың медициналық бетперде шығарады. Кәсіпорын шығаратын өнім медицинаның әр түрлі салаларында қолданылады және сапа мен қауіпсіздіктің барлық заманауи талаптарына жауап береді.

Коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ел азаматтарын адамдар көп шоғырланатын жерлерде және қоғамдық көлікте маска тағуды, сондай-ақ жеке гигиена ережелерін сақтауға кеңес береді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар