12 қаз, 2018 сағат 08:24

"Майкл" дауылы АҚШ-тың астаң-кестеңін шығарды (Видео)

Америка Құрама Штаттарының оңтүстік-шығыс жағалауында "Майкл" дауылы тұрып, орасан шығын келтірді, деп жазады Sputnik.

Жылдамдығы 120 км /сағ дейін жеткен дауыл нөсер жауын ала келіп, су тасқыны болды.

"Майкл" дауылы салдарынан екі адам көз жұмды,  жағалаудағы 400 мыңға жуық тұрғын үйін тастап кетуге мәжбүр болды. Апат Флоридадағы АҚШ Әуе күштерінің "Тиндаль" базасын жарықсыз қалдырып, елеулі зақым келтірді. Көптеген ғимарат толығымен бұзылған немесе бүлінген.

Дауылдың шығыны миллиард долларға жетті. Қазіргі уақытта оның күші әлсіреп жатыр.