07 ақп, 2018 сағат 10:50

Әуезов театры директорының орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2018 жылғы 7 ақпанындағы бұйрығымен Абулғазиева Салтанат Мақсотқызы М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры директорының орынбасары міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Салтанат Мақсотқызы – Т.Жүргенов  атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын театртанушы мамандығымен оқып және осы академияның өнертану магистрлігін тәмәмдаған. Студент кезінен-ақ, театр жұмысына белсене араласып, М.Әуезов театрына 2012 жылы қызметке қабылданған. Осы күнге дейін театрдың «Көрермендермен жұмыс жасау» бөлімінің менеджері,  «Баспасөз қызметі» бөлімінің жетекшісі, М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры директорының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған. 

Сондай-ақ ол Халықаралық театр күніне орай, Қазақстан Театр қайраткерлері Одағы және «Театр.kz» журналымен тығыз қарым-қатынас түзіп, сахна өнерінің дамуына айрықша үлес қосқаны үшін «Еңлікгүл» кәсіби Сыйлығының арнайы Құрмет  грамотасымен мараппатталған.