30 мам, 2017 сағат 10:29

Мәскеудегі дауылдан жапа шеккендердің саны 140 адамға жуықтады (Видео)

Мәскеудегі жойқын дауылдан жапа шеккендердің саны 140 адамға жетті, деп хабарлайды ТАСС.

«Қазіргі сәтте жедел жәрдем көмегіне 140 адам жүгінген және бұл соңғы көрсеткіш емес», - деп мәлімдеген Мәскеудің төтенше жағдай қызметі.

Дауыл 14 адамның өмірін қиып кетті. Қала мэрі Сергей Собянинаның айтуынша, Мәскеу билігі қаза тапқан адамдардың жанұясына 1 млн. рубльден өтемақы төлеп береді. 

Еске сала кетейік, кеше, 29 мамырда Мәскеуде алапат дауыл тұрған еді. Жылдамдығы секундына 22 метрге жеткен жел 600-ден аса ағашты құлатып, шатырларды ұшырып әкетті, қақпалар мен жарнама құрастырмасын қиратқан болатын.