21 қыр, 2017 сағат 09:44

Мәскеуде Солженицын мен Айтматовқа ескерткіш орнатпақ

Белгілі жазушы Шыңғыс Айтматовқа Ыстықкөлде қойылған ескерткіш.

13 қыркүйекте Мәскеу қалалық думасының мәдениет және бұқаралық коммуникация жөніндегі комиссиясы Ресей астанасында жазушылар Александр Солженицын мен Шыңғыс Айтматовқа ескерткіш қоюды мақұлдаған, - деп хабарлайды "Москва" агенттігі.

Солженицын ескерткіші Мәскеудің Таган ауданындағы жазушының атындағы көшеде орналасады. Ескерткіш орнату шығынын Александр Солженицынның Орыс қайырымдылық қоры көтеріп алады деп хабарланды.

Шыңғыс Айтматовтың ескерткішін Мәскеудің оңтүстігіндегі ауданға қою жоспарланған. Ескерткіш Қырғызстанның мәдениет, ақпарат және туризм министрлігінің қаржысы есебінен орнатылады.