15 қар, 2019 сағат 07:28

Мәскеуде көппәтерлі тұрғын үйде жарылыс болып, 50 адам эвакуацияланды

Мәскеудің батысында көппәтерлі тұрғын үйде жарылыс болып, соңы өртке ұласты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

«Удальцов көшесі, 16 үйде жарылыс болып, соның салдарынан пәтерлер арасындағы қоршаулар қираған. 17 адам құтқарылды», - деді «ТАСС» агенттігінің дереккөзі.

Оның айтуынша, үйден 50 адам эвакуацияланды. Жарылыстан кейін өрт шыққан.

Жедел қызметтегі дереккөз де екі адамның зардап шеккенін хабарлады.

Мәскеу ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 5-7 қабаттарда балконнан өрт шыққан.

«Өрт ауыздықталды, жалын 60 шаршы метр аумақты қамтыған», - деп хабарлады ведомстводан.