#
#
Сенбі 23/11/2019

Мәскеуде «Фариза» қойылымының тұсауы кесілді

  • 01.11.2019
  • 0
  • 1395

Мәскеудегі «Современник» драма театрының сахнасында қазақ ақыны Фариза Оңғарсыноваға арналған «Фариза» қойылымының тұсауы кесілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Спектакльдің продюсері және идея авторы Айнұр Көпбасарованың айтуынша, спектакльді қою туралы идея алғаш рет 2016 жылы туған.

«Бұл күнге ұзақ уақыт бойы дайындалдық. Осы үш жыл ішінде көптеген адамдардың еңбегін бір арнаға тоғыстыра алдық. Музыкасын композитор Ренат Гайсин шығарды, драматург ретінде Роза Мұқанова өнер көрсетті. Ал, Фархат Молдағалиев пен Шара Айдарова режиссер болды», - деді ол.

«Фариза Оңғарсынова ең ашық адами толғаныстарды поэзия арқылы жеткізе алды. Ол өміріміздегі барлық саланы қамтыды. Біздің спектакль философиялық бағытқа негізделген. Бұл – портреттік қойылым емес, оның жан дүниесін беруге тырыстық. Ол шығармашылығы арқылы көрсеткісі келген дүниелерді сомдадық. Әрине, спектакльде оның туындыларынан үзінділер келтірілді», - деді А.Көпбасарова.

Тұсаукесер шарада Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов қойылымның авторы мен қатысушыларға жасаған жұмыстары үшін және Қазақстан ақынының шығармашылығына ілтипаттары үшін алғыс айтты.

«Ол өте мықты және өзгеше тұлға еді. «Фариза» қойылымында халық ақынының барлық көпқырлылығы көрсетілді. Бұл, Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы достықты нығайтып, рухани тұрғыдан жақындастыруға жасалған тағы бір қадам екеніне сенімдімін», - деді Елші.

Спектакль режиссері Шара Айдарова атап өткендей, ақиық ақынның 80 жылдық мерейтойына арналған туынды алғаш рет Алматыда М.Әуезов театрының сахнасында көрсетілді. Алматылық әртістер спектакльді қазақ тілінде қойды. Ресей көрермендері үшін аудиоқұрылғы арқылы синхронды аударма жасалды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ендігіде «Фариза» 15-16 қараша күндері Нұр-Сұлтан көрермендері үшін «Жастар» театрының сахнасында көрсетіледі.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар