18 нау, 2019 сағат 12:23

Мәсімов пен Ермекбаев генерал-майор атағын алды

Ақорда ҚР Президентінің Жоғарғы әскери және арнаулы атақтар беру туралы Жарлығын жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

*** 

Жоғарғы әскери және арнаулы атақтар беру туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

генерал-майор әскери атағы

Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа;

Ұлттық қауіпсіздік генерал-майор арнаулы атағы

Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке берілсін.

 

            Қазақстан

Республикасының Президенті                                                                      Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2019 жылғы 18 наурыз

                 №877