20 там, 2019 сағат 12:35

Маңғыстау тұрғындары даладан аққу тауып алды

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында Боранқұл ауылының маңында теміржол қызметкерлері екі аққу тауып алды.

Құстарды орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының мамандарына берді. Бұл туралы оқиғаның куәгері Азамат Исқалиев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпаратlada.kz сілтеме жасап.

Күтпеген қонақтарды бүгін, 20 тамызда тауып алған.

Теміржол қызметкерлері Боранқұл ауылының маңында екі аққуды тапқан. Ер адамдар құстарға су беріп, оларды таяу маңдағы суға жеткізу үшін жергілікті атқарушы органдармен байланысқан.

Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы аң аулау шаруашылығы бөлімінің басшысы Тұрғанбай Шапағатовтың айтуынша, оқиға орнына ведомство мамандары барған.

«Құстарды ветеринарлар тексергеннен кейін Қаракөл көліне алып барады», - деп түсіндірді Тұрғанбай Шапағатов.